Спорт

Чемпиондар лигасы: Роналду алаңнан не үшін қуылды?

ЧЛ-да 154 ойын өткізіп бірінші рет қызыл қағаз алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Ювентус» сапына ауысып, өзінің сұр мергендігін байқатуға мүмкіндік алған әлемнің ең үздік футболшысы Криштиану Роналду, айдың күні аманда алаңнан қуылды.

 

Чемпиондар лигасында «Ювентус» алғашқы ойынды «Валенсяға» қарсы өткізді. Ойынның тартысты 29 минуты артта қалған кезде, доптан алыс қақпаға қарай бет алған сұр мерген мен Джейсон Мурильо арасында дау туындап қалды.

 

Қандай дау?

 

Өрескел қателік жасап сары қағаз алатындардың қасында, Роналдудың жасаған қателігі түкте емес еді. Мұны ойынды қайталап көргендер жақсы түсінеді. Анығына келген кезде ештеңе белгілі емес. Арбитр Феликс Брих Роналду Мурильоның басынан ұрды деп шешім қабылдап, бас төрешіге «қызыл қағаз» көрстетуіне тура келді.

 

Чемпиондар лигасының заңына салар болсақ, «қызыл қағаз» алған Роналду бір ойынды және қазан айында өтетін «Ман Юнайтед» арасындағы ойынды да өткізуі мүмкін.

 

 

УЕФА 2015 жылдан бері алаңда көрсетілген қағаздарға байланысты шешімдерді өзгертпейтінін айтып келеді.

 

Егер Роналду кешегі алаңнан қуылмаған кезде екі бірдей он бір метрлік айып добын орындап, қос бірдей голдың авторы атанар еді. Алайда Роналдуды алаңнан қуған арбитр мен төреші өз қателіктерін жасыру үшін айып добын берді дейтін пікірлер де бар.