Hi-Tech

Amazon 2021 жылы кассасыз 3 мың дүкен ашуды көздеп отыр

Сатушының да, касса аппаратының да керегі жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Bloomberg агенттігі хабарлағандай, Amazon компаниясы 2021 жылы 3 мың автоматтандырылған супермаркет желісін ашуды жоспарлап отыр.

 

Компанияның жоспары бойынша дүкендер касса аппаратынсыз, сатушысы және кезексіз жұмыс жасайтын болады. Ең алғашы автоматтандырылған дүкен Сиэтле (Иллинойс штаты) қаласында 2016 жылдың соңына қарай ашылған болатын. Бір ай өтісімен екінші дүкеннің желісі іске қосылды. Ал өткен аптада ғана үшінші дүкен Чикагода ашылды.

2020-2021 жылғы жоспарға сәйкес аталған автоматтандырылған дүкендердің үш мыңын жер-жерде ашуды қолға алды.

Егер Amazon компаниясы ұсынған дүкенке тап болсаңыз, сізге керегі тек ұялы телефон және компанияның арнайы құрастырған мобильді бағдарламасы. Дүкенге кірген кезде QR код арқылы ішке енуге рұқсат аласыз. Бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Ішке кірген соң қалаған затыңызды ала беріңіз. Жаңа технология өзі бәрін есептеп, сіздің есептік картаңыздан ақшаны ұстап қалатын болады.