Экономика

Facebook өзінің электронды төлем жүйесін енгізді

Қазір АҚШ-та тестілеу кезеңінде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook әлеуметтік желіде, мессенджерде, сондай-ақ Instagram және WhatsApp-та жұмыс істейтін Facebook Pay электронды төлем жүйесін іске қосты. Бұл туралы компанияның блогында айтылған.

Бұл жүйе әзірше АҚШ-та ғана жұмыс істейді. Ол арқылы ойын қосымшаларын төлеуге, іс-шараларға билеттер сатып алуға, аударымдар мен қайырымдылықтар жасауға болады. Уақыт өте келе қосымшаның қолданылу географиясы кеңейе түседі.

Facebook Pay көптеген несиелік және дебеттік карталар мен PayPal-ге қолдау көрсетеді.