Саясат

Германия тарихында тас көмірді өндіру дәуірі аяқталды

Prosper-Haniel салтанатты жағдайда жабылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия тарихында бүтін бір дәуір - тас көмірді өндіру дәуірі аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы  Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Немістер тас көмір өндірісін 900 жылдан астам уақыт бұрын қолға алған. Кеше, 21 желтоқсан күні кезінде Германия экономикасының өрлеуіне қуатты серпін берген салалардың бірі толығымен келмеске кетті. Бұрын кеншілер қаласы болған Ботропеде елдегі ең соңғы көмір шахтасы  Prosper-Haniel салтанатты жағдайда жабылды.

Еуропадағы көмір державалары арасында Германия бұл дәстүрлі саланы жойған алғашқы мемлекет емес. Бельгияда соңғы шахта - 1992 жылы, Францияда -  2004 жылы және Ұлыбританияда 2015 жылы жабылды. Аталмыш елдердің барлығында тас көмір өндірісі экономикалық себептерге байланысты тоқтатылды. Одан экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан (халықты түтіннен, ал жаһандық климатты - парникті газдардың таралуынан қорғау) бас тарту - соңғы кездегі үрдістердің бірі.

Шахтаның салтанатты жабылу рәсіміне Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қатысты. Шара барысында оған соңғы өндірілген салмағы 7 келі тас көмір табыс етілді. Штайнмайер тас көмірдің бұл кесегі «тарихтың бір бөлігі» болып табылатынын атап өтті.