Weekend

Дисней «Су перісі» киноремейкі үшін ханзада Эрикті тапты

24 жастағы жігіт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дисней студиясы ақырында «Су перісі» мультфильмінің «Ханзада Эрик» рөліне арналған актерді тапты. Ариэльдің сүйіктісін 24 жастағы ағылшын актері Джон Хауер Кинг ойнайтын болды. Ол BBC-дің «Кішігірім әйелдер» мини-хикаясы және «Лондоннан келген ашық хаттар» драмасы арқылы танылған. Бұл туралы «The Hollywood Reporter» хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа «Су перісі» фильміндегі басты рөлді әнші және актриса Халли Бейли сомдайды. Флаундер балық Джейком Трамбленің дауысымен сөйлейтін болады. Джейкоб Трамблер Ксавье Доланның «Джон Ф. Донованның өлімі мен өмірі» кинофильмінде жас актер Руперт Тернерді сомдаған. Ал Краб Себастьянды сөйлету актер және музыкант Давид Диггске бұйырған. Фильмдегі король Тритонның рөлін Хавьер Бардем ойнайды, ал Мелисса Маккарти зұлым сиқыршы Урсуланың бейнесіне кіреді.

Түсірілім жұмыстары 2020 жылдың басында басталады, режиссері болып Роб Маршалл тағайындалды. Фильм премьерасы қашан болатыны әлі белгісіз.