Саясат

Жантүршігерлік жол апатынан қазақстандық актриса қаза тапты

ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласында орын алған жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова қаза тапты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР-ның Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаевқа сілтеме жасап.

"Ол алты қабырғасы мен бұғанасы сынып, жансақтау бөлімінде жатыр. Қазіргі уақытта ол есін жиды. Қазір театр ұжымындағылары қолдау білдіріп, ауруханаға жиналды", - деп хабарлады министрлік өкілі.  

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол апатының бүгін, 29 желтоқсанда таңғы уақытта Сейфуллин мен Абай даңғылдарының қиылысында болғанын хабарлады. Mercedes Gelandewagen Mitsubishi Galant көлігін соққан. Осыдан кейін жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан Mitsubishi жүргізушісі мен жолаушы - Шолпан Елгезекова қаза тапқан.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Mercedes Gelandewagen жүргізушісі анықталды. Оны ұстап, қамауға алу бойынша шаралар жүріп жатыр. Сонымен қатар, қылмыстық іс аясында сот-медициналық және басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізіледі", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Шолпан Елгезекова - 1973 жылдың 12 наурызында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқуын тәмамдаған. Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында жұмыс істеген. Елгезекова биыл шілдеде көрсетілімге шыққан "Шабдалы" фильмінде басты рөлде, "Анашым, мені қалдырма", "Айман&Шолпан" телехикаяларында ойнаған.