Weekend

Эльчин Сафарли кітабынан үзінділер

Махаббат туралы жүрек сөздері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Өмір" шындығында мұнды əрі шаттыққа толы. Біз өмірге келеміз, бір-бірімізді жолықтырамыз, таныс боламыз əрі біраз уақыт өмір жолында бір жүреміз. Кейіннен, айрылысамыз. Əрі кенеттен пайда болғанымыздай аяқ астынан жоқ боламыз. (Ю. Горнердың бұл ой түйінін Сафарлы өзінін бір шығармасында қолданған еді).

Оқиға ұқсас болуы мүмкін, бірақ - махаббат емес! Біздің махаббатта тек біз бармыз, себебі қайталанбаймыз!

Жүрек алдамайды. Кедергі келтірер, бірақ ешқашан алдамайды.

Өткен күндегі махаббатты еске алу ең жағымды алданыш, ол қазіргі шындықтан əлдеқайда ыстық.

Тек жан шыдатпас махаббатымызды өлтіру үшін біз өзіміз сүймейтін адаммен өмір сүреміз.

Махаббатта тек мүмкінге емес, мүмкін емеске, қол жетпейтінге, ойға келмейтінге, дəлелденбейтінге сену керек. Біз тым ақылды болып барамыз, қателесуден қатты қорқамыз, өз-өзімізді ұзақ уақыт кешіре алмаймыз. Біз осылайша өмір өз жеңілдігін, кереметтігін сездірмей өтіп кететінін ойға алмаймыз.

Қазақ тіліне аударған: Сафина