Weekend

Табысты тұлғалардың дағдысы қандай?

Әйгілі адамдардың күнделікті әдеттерін білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде барлық адам тең жаратылған. Алайда шебер Тәңірі кейбір адамдарға артық қабілет берген. Олар үнемі қоғамды алға жетелейді. Осы орайда табысты адамдар мұндай үлкен жетістікке қалай жетті деген заңды сауал туады. Ол әрине, адал еңбек пен үздіксіз ізденіс. Сонымен бірге, олар жақсы өмір сүру дағдысын қалыптастырған. Тіпті, оларды осындай табысқа ешкімде жоқ дағдылар жеткізген болуы әбден мүмкін. Бірінші ұстаз Аристотельдің өзі «Біздің болмысымыз – күнделікті әдеттеріміздің жиынтығы. Кемелділікке жету үшін бір ғана іспен айналысу жеткіліксіз, әдет қалыптастыра білуіміз қажет» деген екен. Біз бүгін табысты тұлғалардың күнделікті дағдысы туралы әңгімелейміз.

Стив Джобс

Әйгілі Apple компаниясының негізін қалаған Стив Джобс кітапты көп оқыған. Оның бір артықшылығы – үнемі медитация жасайтын болған. Медитация – ақыл-ойды бір жерге шоғырландыру, бір жүйеге келтіру жаттығуы. Тыныштықта, ел көзінен жырақта, ыңғайлы жерде қол-аяғын еркін ұстап, терең демалу арқылы жандүниесін артық ойлардан, күйзелістерден тазалаған. Медитацияның көмегімен адам шаршаңқы күйден, жағымсыз энергиядан арылады. Бәлкім, Джобс осы медитацияның арқасында мықты идеяларды өмірге әкелген шығар.

Владимир Познер

Ресейлік танымал тележурналист, жазушы Владимир Познердің айтуынша, кітап оқу күнделікті тіз тазалағаның сияқты үйреншікті дағдыға айналу керек. «Егер баланы кішкентай кезінен кітап оқуға тәрбиелемесе, өскен соң ол оны қиын іс деп қабылдауы мүмкін» – дейді ол. Познердің өзі өте көп оқитын тұлғалардың бірі.

Уоррен Баффет

Америкалық кәсіпкер, әйгілі инвестор Уоррен Баффет хобби күйзелістен арылтады және шығармашылық қабілетті дамытады деп есептейді. Оның хоббиі – гитарада ойнау. Аспапта ойнау, музыкамен айналысу ақыл-ойды дамытуда маңызды рөл атқарады. Ғалымдардың айтуынша, қандай да бір аспапта ойнау есте сақтау қабілетін арттырады әрі адамның интеллект деңгейін дамытады екен.

Никола Тесла

Әйгілі өнертапқыш, физик, инженер Никола Тесла да көп оқуды әдетке айналдырған. Әкесі Милютин Тесланың кітапханасында сағаттап отырып ғылыми кітаптарды «кемірген». Оның өмірін зерттеушілер өнертапқыштың кітапты жаттап алатын қабілеті болғанын айтады. Тіпті ол Гетенің «Фаустын» жатқа айтатын болған екен.

Лев Толстой

Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой әр таңда таза ауада серуендегенді ұнатқан. Ол алғаш рет велосипедті 67 жасында айдаған. 7 жасар ұлы Ванечканың қазасынан кейін жазушы қатты күйзеліске түседі. Ұлының қазанынан бір ай өткеннен кейін Мәскеудегі велосипедист-әуесқойлар ұйымы оған велосипед сыйлайды. Содан бастап жазушы күн сайын велосипедпен серуендеген екен. Кейде жай таза ауада серуендеудің өзі ағзаға ерекше әсер етіп, тың шабыт сыйлайды.

Ал сіздің күнделікті дағдыңыз қандай?