Денсаулық

Ауруды ойлап табатын адамның өзі

Адамдар неге жиі ауырады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" деген сөз бар емес пе?!  Көпшілігі аурудың лебін сезе қалса, дәріхана шарлап, дәрі-дәрмек санап, денсаулықтың қадірін кеш ұғынып жатады. Осы жағдайда «Мен неге үнемі ауырамын ? Менің басым, құлағым неге ауырады?» деп өзіне сұрақ қойып, кінәні өзінен іздейтіндер  аз. Ендеше өзіңіздің неге ауырып қала беруіңіздің себебін біліп жүріңіз!

 

Бүгінде медицинамен қатар, психология ғылымы қарқынды дамып келеді. Күн сайын жаңа ақпарат легі ауысып, құнды зерттеулер жарық көруде. Медицина мен психологияны ұштастыра зерттеп, құнды жинақтар шығарған жазушы, психотеропевт, гомеопат Валерий Синельников адам ағзаларындағы аурулардың шығуы себептерін ашып көрсетеді.

Бас ауруы 

Бас ауруы - адам  ақылмен санаспай дұрыс жұмыс жасамаса бірден адамға сигнал келіп жетеді. Ол дегеніміз адам әрекеттері, ойлары, қалаулары адам қауіпсіздігіне, денсаулығына  қауіп төндіретінін білдіреді.  Мысалы, сіздің жұмысыңыз өте көп. Сіз жұмыс жасау барысында қатты шаршап қалдыңыз, бірақ сіз жұмысты соңына дейін жасағыңыз келеді. Осы жағдайда адам басындағы бұлшық еттерге күш түседі. Сол сәтте адам түйсігі адамға демалыс керек екенін сезіп, басқа сигнал ретінде ауруды береді. Сол себепті адамға аз уақыт болсын демалыс керек.

Екіжүзділік - адамда бас ауруының туындауына себеп болады. Мысалы, сіз өзіңіз ұнатпайтын, өзіңізді ыңғайсыз сезінетін адамға өтірік  күліп, жақсы сөздер айтқанда нәтижесінде ол бас ауруына әкеліп соғады.

Бүйрек ауруы

Психикада бүйрек адамдардың қарым- қатынас құруға деген дайындығын, жағымды орта қалыптастыруға септігін тигізеді. Мысалы, адамдар алғашқы таныстықта бір-біріне міндетті түрде сусындар, шай немесе су сияқты сұйықтықтар ұсынады. Сұйықтық бүйректің жұмыс жасауына ықпалын тигізіп адамдар арасында қарым-қатынастың тез орнауына себеп болады. Ал кейбір жандар «бөтелкелесім» деп бір - біріне  қалжыңдап айтып жатады. Оның өзі спиртті ішімдіктер адамдардың жақындығын арттырып, бүйрек қызметінің жұмысын тездететінін білдіреді. Бүйрек ауруы адамдар өздерін үнемі сәтсіз адам ретінде көрсе, өзі жасаған істерін ылғи дұрыс санамаса, өкпеге тез бой алдырса, өзінен көңілі қалса туындайды.

Бүйректегі тас

Бүйректегі тас адамның жылдар бойы өзін-өзі  қажып жей беруінен, ешнәрсеге көңілі толмаудан, агрессивті эмоцияларға тез берілуінен пайда болады.

Асқазан

Асқазан адамның қабылдау, өңдеу процестерінің символы. Адам жаңа үдерістерді қабылдай алмаса, қорқыныш, мазасыздық, уайымшылдық, өкпе- реніш орын алған жағдайда асқазанға сигнал барады. 

Қабылдау- асқазанның басты міндеті. Қоршаған ортаны тұтастай қабылдау керек. Адам өзіне жауапкершілік алуды, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды жағымды қабылдауды үйрену керек. 

Екінші қызметі - қайта өңдеу. Ортадағы ақпарат немесе жағдайларды өңдеп, өзімізге жағымдыларын алуымыз керек. Және кенеттен пайда болатын конфликтіден қашпаған дұрыс. Нәтижесінде адам қоршаған ортада жаңаша әрекет ете бастайды.

Асқазан жарасы (язва)

Асқазаны ауыратын адамдар үнемі қорқыныш үстінде жүретін адамдар. Қорқыныш асқазанның түйілуін, тарылуын (спазма) туғызатын болса, түйілудің нәтижесі жараға әкеліп соғады. 

Аяқ-қол ауруы

Адам үнемі жауапкершіліктен қашқанда, рұқсатсыз өзге біреудің заттарын иемденсе қолдың ауыруына әкеліп соғады.  Тіпті әлі күнге дейін мұсылман елдерінде ұрлық жасағандардың қолын кесетін жаза түрі бар екен. Аяқ ауруы адамның болашаққа деген үлкен қорқынышы, мақсатының жоқтығын білдіреді.

Аллергия 

Көпшілігінің көкөністен, жеміс - жидек түрлерінен, ауа- райынан аллергиясы бар. Сол себепті  адамдар аллергияның себебін сыртқы фактордан іздеп жатады. Бірақ бұл аллергияның себептеріне жатпайды. Себепті сырттан емес, іштен іздеген жөн. Ғалымдардың айтуынша, адамдардың қоршаған ортаға деген төзімсіздігі, ішіне агрессивті нәрсені көп жинауы, адамдарды қабылдай алмауы аллергияның сыртқы шығуына себеп болады. Сондықтан өмірге тік және батыл қадам жасаған абзал.

Өмідің негізгі заңы - тепе- теңдік және гомеостаз. Әрбір тірі организм ішкі өмір заңдылықтарымен қатар өмір сүреді.  Сау организм дегеніміз - гармония мен тепе- теңдіктен құралады. Ал ауру дегеніміз - тепе - теңдіктің бұзылғанын білдіретін сигнал. Денсаулығымызда орын алатын әрбір ауру - өзіңе көңіл аудару қажеттігін білдіретін ескерту деп қабылдау керек. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.