Саясат

Өлсең орның төр болар...

Немесе неге ел мақтаныштары уақытында бағаланбайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қолда бар алтынның қадірін біл деп өсиет қалдырғандардың ұрпағымыз. Ол рас. Бірақ, осы сөз бойынша әрекет жасап жатқанымыз бар ма арамызда? Әй, қайдам.... Басына қонған бақ құсын адам сол құс ұшып кеткенде біледі. Ол - шындық. Қазақтың маңдайына біткен марғасқа ұландардың қадірін неге өмірден өткен соң білеміз? Көзі тірісінде сый көрмеген, тірі болса да ел назарынан тысқары қалып жүрген жандар туралы бір айта кетейікші осы жерде.

Өмірден өткеннен соң "сыйға" ие болуда көп апталдай азаматтар. Шәмшіні өз уақытында елдің бәрі «маскүнем» деп төмендеткен. Өз кезінде қаншама әні қазіргі тілмен айтқанда «хит» болғанымен сый көрмей кетті ғой. Мұқағали да сол «шекпенді» киген. Өмірден кетті, сыйлы болып шыға келді. Мұхтан Әуезов те «Абай жолын»» жазған кезде ел сынап еді, қазір әлемдік деңгейдегі туынды. Есенберлин де «Көшпенділерді» жазғандаыр үшін «халтурщик» атанды. Енді мұнысы ұяттау тірлік екені рас. Ел көзінше шаралар ұйымдастырып жатқанымен кім басына барып Құран бағыштап, топырақ алып жүр? Ешкім! Бір сөз бар екен «егер сені бәрі жақсы көргенін қаласаң, бәрі сенің тек жақсы қасиеттеріңді ескергенін қаласаң - өл» деген. Демек, еңбек ете салып өлу керек екен ғой. Өлсең орның қара жер. Пайдасы тимеген еске алудан не хайыр? Хош. Көзі тірі тұлғаларды да көре алмайтын секілдіміз бе, қалай? Ермахан Ибраимовты білесіздер, олимпиададан келе сала өліп таяқ жеген. Жанқош Тұраровқа қару кезенген кімдер екені әлі белгісіз. Генадий Головкин «қазылар алқасынан» жеңіліп еді, ел бірден ол туралы ұмыта кетті. Неге? Суға жүзуден Олимпиада чемпионы Димитрий Баландин де өз бағасын ала алмай келе жатыр. Бір суға жүзу мекемесіне атын берді демесеңіз, қазірде кім оны елеп-ескеріп жатыр? Денис Тен тірі күнінде құрметті тым аз көрді. Аз да болса көрді ғой. Оған да шүкір.Қанат Ислам шет елде жүр деп көбі тағы кері тартады. Димашты білесіздер, елде ешкім мойындамап еді, әлемдік деңгейдегі жарыста жұлдызы жанды ғой жарқ етіп. Неге біз өз мақтаныштарымызды аяқтан тартуға әрекет жасай береміз екен? Өзіміздің қолымыздан келмесін білгесін өзгенің мүмкіндігін шектеп, өзімізден озуын қаламайты шығармыз, ә? Оған да бір «хош»-ты айтып қояйық айтарға көңілдің қошы келмесе де.

Қытайлар айтады: 阿里-法拉比哈萨克民族大学孔子学院 деп. Ештеңе түсінбедіңіз бе? Мен де осы қытай жазуы секілді, ел абыройлыларын артқа тартатындарды, өлгеннен соң өтірік сыйлайтын әдеттері бар адамдарды түсінбеймін. Былайша айтқанда 90 пайыз қазақстандықтарды түсіне алмай далмын ғой..

Бар дүниеге «хош» дей берсек таланттар мен ел мақтаныштарына табытта кетіп бара жатқанда «қош» деп қол бұлғап, жалған да болса құрметтеуді бастайтын дәрежеге жететін сияқтымыз. Оданша «қойшы» деген дұрыс болар. Кері тартпа әдеттерді қою керек қой шынымен. Барлық дүниені шын жүректен жасап үйренейікші.