Саясат

Қарағандыда өрт кезінде 3 бала ыстан уланған

Тағы өрт салдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

4 ақпан күні Қарағанды облысы, Октябрь ауданының 15-шағын ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

«Өрт 8-қабаттағы 10 шаршы метрлік пәтерде болған. Өрт сөндірушілер 13 адамды, соның ішінде 7 баланы құтқарып қалды. Тілсіз жау 22.36-да ауыздықталып, 22.43-те сөндірілді. 2011, 2014 және 2018 жылғы балалар ысты газдан уланып, ауруханаға түсті», - делінген хабарламада. 

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге жеке құрамнан 25 адам және Қарағанды облыстық ТЖД  8 техникасы тартылған.