Саясат

Қаза болған 5 қыздың ата-анасы жауапқа тартыла ма?

Қайғылы оқиға

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов алапат өрттен кейін бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді. Времянкадан шыққан өртке пеш себеп болған. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлады. 

Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды

Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған", - деді министр үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді.

"Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес", - деді Қасымов.

Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында "времянка" өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.