Саясат

Мадина Әбілқасымова 5 қыздың өліміне байланысты пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Астанада болған қайғылы оқиға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қазақстандық блогер Денис Кривошеев Telegram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұл - сұмдық трагедия. Бүкіл отбасы, қазақ халқының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға болды. Барлық туысына қайғырып көңіл айтамын. Мен де анамын. Сондықтан мұның қандай ауыр тиетінін және орны толмас қаза екенін жақсы түсінемін. Оларға күш, сабыр берсін деп тілеймін", - деді министр Мадина Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Мадина Әбілқасымова министрліктің көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелесінің тиімділігі мен оның сапасы бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтып өтті.

"Жақында біздің министрлік жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын әлеуметтік және тұрғын үй көмегіне қатысты қосымша шараларды ұсынады. Әрбір үйге барып, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтаймыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 

Мадина Әбілқасымова 4 ақпанда оқиға орнына барып, қыздарынан айырылған отбасының туыстарымен кездескенін және министрлік ұжымының отбасына қолдан келер көмек көрсететінін айтты.

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт бес баланың өмірін жалмаған еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Осы үйде олар төрт жыл бойы тұрып келген.