Weekend

Димаш алып шаһарда үлкен шоу жасамақшы

Жеке концерт

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның танымал әншісі Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концертін беруді жоспарлап жатыр. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистермен болған кездесуде мәлімдеді. Министр концерттің өтетін күнін американдықтармен жүргізілетін келіссөздерден кейін белгілі болатынын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды. 

– Біз қазір Димаштың жеке концертінің жобасын әзірлеудеміз. Бұл жолғы өтетін шоудың ауқымы кең болғанын қалаймыз.

Нью-Йорк шаһарының ең үлкен кешендерінің бірінде, бәлкім «Мэдисон-сквер-гарден» залында өткіземіз, – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Министр сондай-ақ, келіссөздердің оңай болмайтынын ескертті. – Бастысы, Димаштың үлкен концерт өткізуге ниеті бар. Жобамен 15 мың көрерменге, әйгілі орындаушылардан кем түспейтін шоу жасауға тырысамыз. Айта кетейік, наурыз айының 22-23 күндері Димаш Мәскеуде жеке концертін ұсынатын болады.