Weekend

5 қыздың өлімі: Балалардың ата-анасы алғаш рет сұхбат берді

Әкесі қайғылы оқиға болған түні қайда кеткенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданының Көктал-1 тұрғын алабында өрт шығып, көпбалалы отбасында 5 қыз ажал құшты. Бұл қайғылы оқиға бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырып, жүрегін жылатты. Балалардың ата-анасының сұхбаты блогер Tanirbergen-нің YouTube-тегі арнасында жарияланды. 

Өрт шыққан уақытта қыздардың ата-анасы жұмыста болған. Қыздардың әкесі Евгений сол түні Талапкер көшесінде орналасқан көлік жөндеу стансасында жұмыс істеген. Дегенмен кейінірек әкесі жұмыста болмаған деген сыбыс тарап кетті. Евгений сол түні қайда болғанын сұхбат алушы блогерге толығымен баяндап берді.

Оның айтуынша, ол көлікті жөндеуге бірнеше күн бұрын алған. Алайда ол жөндеп үлгере алмай, уақытынан кешіктірген. Таңертең иесіне тапсыру үшін түнімен жұмыс істеуге тура келгенін айтады. Ол 20 жылдан астам уақыттан бері автокөлік жөндеумен айналысып келген. Оған сенім артатын тұрақты клиенттері де бар екен.

Қыздыардың әкесі, уақыттың емші екенін және мұндайды уақыт емдей алмайтынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл трагедия қоғамдық мәселе тудырып, көптеген әлеуметтік мәселені қозғады. Осы жағдайдан кейін көпбалалы аналар Алматы, Шымкент, Астана қалаларында қала басшылығымен кездесуді талап етті. Бұл оқиғадан кейін көпбалалы аналардың құқығын қорғайтын мемлекеттік кеңес құрылды. Сонымен қатар халық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі министрі Мадина Әбілқасымованың отставкаға кетуін талап етті. Билік төтенше жағдайлар комитетіндегі бірнеше шенеунікке сөгіс жариялап, біреуін қызметінен босатты.