Weekend

Димаш пен Данэлияның қарсыластары кім?

Олар байқаудың екінші кезеңіне өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Американың The World's Best шоуына қатысып жатқан қазақстандық әншілер Димаш пен Данэлия екінші раундқа өтіп, өнер көрсететін болды.

«The World's Best» шоуының екінші эпизодының қорытындысы бойынша Димаш 100 ұпайдан 98 ұпай жинады. Ол бірінші раундта S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. YouTube видеохостингіндегі ресми арнасында Димаш пен Данэлияның екінші раундта кімдермен өнер жарастыратыны туралы видео жарияланды.

Келесі кезеңде Димаштың қарсыласы италиялық әнші Кристина болса, Данэлияға Жапония скрипкашысы Манами қарсылас болады.

Сурет: inform.kz