Weekend

Ардан атақ қымбат заман

Қазақтан ұят кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы кездегі елімізде орын алып жатқан оқиғаларға көз жұмып қарау мүмкін емес. Бір басымызға Байзақова да жетіп жатқан кезде, оның ізін жалғап, шашбауын көтерер арулар да желіні шулатпай қоймады. Бұл жолы аруымыз тәнін жалаңаштап қана қоймай, сол жалаңаш тәніне қазақтың ұлттық әшекейін көмкеріп қойыпты. Өзінің арын ғана ластамай, ұлттық белгімізді де кірлеткен бұл бойжеткен өз қылығынан тіпті ұялар емес. Басы дауға қалған ару киелі Тараз шаһарының тумасы. Бұл жер - қаймағы бұзылмаған қалың қазақтың қара шаңырағы, Қазақ xандығының туы тігілген жер. Азаттық үшін жан алысып, жан берісер ақтық шайқасқа айналған Аңырақайдың азалы үні, өшпес ізі қалған жер. 

Бар тариxты бойына жыйған, топырағы қастерлі Тараз қаласынан дәл осындай қыздар шығады деп кім ойлаған?! Атақ қуамын деп  арын ұмытқандардың бұл істері енді қай уақытқа дейін жалғаспақ?

Келешек ұрпақ Шырыннан емес Әлиядан, Айжаннан емес Шәншүктен үлгі алсын!