Weekend

Қандалаға таланған студенттер

Алматы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АЛМАТЫДАҒЫ ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАНДАЛАҒА ТАЛАНУДА

Алматыдағы қыздарға арналған әйгілі оқу орнының жатақханасында қандала қаптап кетті. Бірнеше айдан бері қансорғыш жәндікке таланып келген студенттер жанайқайларын туыстары арқылы жеткізуде. Өйткені өздері айтатын болса оқудан қуыламыз деп қорқады. Ал оқу орны басшылары не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Түрін көрсетпеуді өтінген Гүлназ есімді келіншек сіңлісінің Қыздар мемлекетік педагогикалық университетінде оқитынын айтады. Оның жатақханасындағы студенттерді қандала талады деп шырылдап жүргеніне екі айдың жүзі болған. Алайда оқу орнының басшылығы ешқандай шара қолданбағанына қапалы. Пәтер жалдап тұратын келіншек кезінде қансорғыш жәндіктерден өзі деп зардап шеккендіктен, қыздардың жанайқайын жақсы түсінемін, дейді. 

СӨЗДЕН СҮРІНІП, КҮЛКІГЕ АЙНАЛҒАН ШЕНЕУНІКТЕР КІМДЕР?

«Ішінде дезинфекция жүріп жатыр деп маған звондады. Сосын үйге кел ендеше деп, үйге келіп еді. Ертесіне қайтып барды біткен шығар деп, бітпеген тағы да сондай қайталанды. Үйіме қайтып келіп еді мені заразит етті. Бір аптадай менің үйімде болды. Екі-үш киіміңді алып келе ғой кішкене мен дезинфекция жасап, өзім тазалап берейін енді».

Қандала университеттің №5 жатақханасын жайлаған екен. 90 бөлмелі студенттер үйінде 500 студент тұрады. Оқу орны басшылығы тәлімгерлердің жатын орнында қансорғыш жәндіктің бар екенін жоққа шығармады. Жылына бірнеше мәрте дезинфекция жұмыстарын жүргіземіз деп ақталды. Бірақ оны растайтын құжаттарын көрсете алмады. 

ЕРБОЛ ЖҰРЫНОВ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

«Дәрілейтін келісім-шартымыз бар санэпидстанциядан. Сол кісілер келіп, өз нормасымен дәрілеп неғып тұрады. Ертеңгі жұма күнге шақыртып қойғанбыз. Сол жұма күні келіп, дәрілеп, тазартып беріп тұрады. Ал енді жалпылама жаздық және қыстық каникул кезінде жапылама бүкіл жатақхананы дәрілеу жұмыстарын жүргіземіз».

Қазір жатақханадағы қандала шыққан бөлмелер босатылып, онда тұратын қыздар көшіріліпті. Ал көрпе-жастықтарын далаға шығарылған. Алайда мамандар қансорғыш жәндіктер тек минус 40 градуста ғана өлетінін айтады. Алматыда күннің температурасы ары кеткенде минус 4-5 градустан төмендемейтінін ескерсек, бұл әдіс тиімсіз болмақ. Сондықтан жатақхананы тек дәрілеу қажет. Оның өзіне студенттерден ақша жинайды дейді арызданушылар. Бірақ оқу орны басшылығы бұл жұмыстар мекеме есебінен жүргізіледі деп сендірді.

ГҮЛНАЗ ЖҰБАНДЫҚЫЗЫ, СТУДЕНТТІҢ ТУЫСЫ:

«Бізде жасайын деп жатыр бізге дезинфекция деп. Мың теңгеден ақша жинады деп сүй деген».

ЕРБОЛ ЖҰРЫНОВ, ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ:

«Дезифекция жасау үшін студенттерден ақша жинайды деген шындыққа жанаспайды. Ол өтірік деп есептеймін».

Қандала күндіз көрпе-төсек пен қуыс-қуыста тығылып, адамдар шырт ұйқыға кеткенде ояна бастайды. Сондықтан оның шаққанын ұйқыдағы адам сезбей қалады. Қыздардың туыстары түні бойы тыным бермейтін жәндіктерден қауіпті аурулар жұға ма деп қауіптенуде.

САЯТ ҚАУМЕТБАЕВ, ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Жаппай түнде мазалап, шағады. Сондықтан қандала шаққан жер қышиды. Әртүрлі дерматиттер пайда болады. Сондай қолайсыз жағдайлар туады. Негізі бұл қандала басқа айтарлықтай жұқпалы ауруларды жұқтырмайды».

Университет басшылығы осы аптадан қалдырмай жатақханадағы қандаланы түп тамырымен жоюға бекніп отыр. Ал мамандар болса қансорғыштар бір ұя салған жерінен оңайшылықпен кете қоймайтынын ескертуде.