Редактор бағаны

Тәуелсіз авторлар платформасының алғашқы жеңімпазы

Жеңіс құтты болсын!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан бірнеше ай бұрын Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы авторлар арасында Samsung Galaxy A 6 (2018) смартфонына конкурс жариялаған болатын. Платформаның ережесіне сай жұмыс жасап, ең көп Bugin көрсеткішін нақты жинаған жеңімпаз анықталды.

Салтанат Шынәділ – біздің жеңімпаз!

Осыған дейін отандық БАҚ беттерінде мақалалары жарияланып келген қарындасымыз Астана қаласында білім алуда. Автордың 30-дан астам мақаласы біздің платформада жарық көрді. Атап айтқан кезде:

Азап түрмесі: Хлокост лагеріндегі еврей балалардың құтқарушысы кім?

Міржақып Дулатұлы үстем тап өкілдерін жақтаушы ма, әлде даттаушы ма?

"Толқын" трагедиясы немесе Мағжан меңзеген ақиқат 

Автордың мақалалары көп қаралым және түрлі пікірлер жинай отырып жеңімпаз атанды. Тәуелсіз автор Салтанатты жеңісімінен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Айта кету керек, платформада тағы бір жаңа "БӘЙГЕ" ұйымдастырылып жатыр. Автор ретінде тіркеліп, мақала ұсынып, Түркияға жолдама ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар.