Weekend

13 жастағы баланың үлкен ерлігі: Өрт шыққан үйден сәбилерді аман алып қалған

2 баланы аман алып қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13 жастағы Бақытжан Беркімбай Шымкентте  өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған. Бұл туралы Inform.kz хабарлады.

Оның сөзінше, сол күні ол көшеде көлікте отырған. Сол сәтте көршінің Арай есімді қызы үйлерінде  өрт шыққанын айтып, көмек сұрап келген.

Оны естіген Бақытжан дереу өрт шыққан үйге қарай жүгіреді. Үйде анасы болған, бірақ оған айтып үлгермеген. Өрт шыққан үйде 6 және 3 жастағы балалар естері шығып, не істерін білмей отырған. Ол жылдам балаларды сыртқа алып шыққан. Бақытжан үйге кірген кезде қорқынышты ұмытып, баларды құтқаруға асыққанын айтады. Мектептегі дайындық сыныбы оған көмек болған.

Бақытжан үйінің кенжесі екен. Ал сынып жетекшісі оның өте тәртіпті, зерек, мейірміді, сабрлы, байсалды бала екенін айтады. Оның бұл ісі көпке үлгі, себебі өртеніп жатқан үйге бала тұрмақ, ересек адамның батылы бара бермейтінін айтып өтті. 

Бүгін жас құтқарушы Бақытжанды қалалық ТЖД басшылығы арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, департамент бастығы Нұрболат Дербісов «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау үшін еліміздің ІІМ атына және арнайы алғыс хатпен марапаттау үшін  қалалық әкімдікке ұсыныс жолданғанын жеткізді.

«Бақытжан келешекте бізге құтқарушы болып келеді деп сенеміз. Мұндай жігіттерге біз арнайы оқу орнына бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті үлкен ерлік деп айтар едім. Оның ата-анасына және ұстаздарына алғыс айтамын»,- деді Нұрболат Дербісов.

Өртке оранған үйдің 7 жастағы қызының айтуынша, алты жастағы сіңлісі мен 3 жастағы інісі оттықпен ойнап отырғанда көрпе жана бастаған. Балалар оны өздері өшірмек болыпты, бірақ өрт ұлғайып кеткен. Айта кетейік,  16 ақпан күні  қаладағы Құрсай мөлтек ауданында жеке үйден өрт шыққан болатын. Онда қараусыз 3 бала қалған. Жанып жатқан үйде қалған екі баланы сол маңда тұратын 13 жастағы Бақытжан Беркімбай алып шыққан еді. Жасөспірім дер кезінде құтқарып қалғанының арқасында екі бүлдіршін аман қалды.