Саясат

«Жастар жылындағы» жастардың шырылы: бұл мәселені кім шешеді?

Айтары бар...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ЖОО бітірген студенттер арасында қазір білім сапасынан бұрын, жұмысқа орналасу мәселесі де түсініксіз күйге жетті. Неге? Себебі, алғаш оқуға түскен кезде өздері білмейтін құжатқа қол қойған студенттер мемлекет айтқан тапсырма бойынша жұмысқа орналасуға міндеттеліп қалды. Анығын осы жайында шыр-пыр болған жастың бірі Ләззат Мақаштың жазбасынан көріп отырмыз. 

АЗУЛЫҒА БАР ЗАМАН, АЗУСЫЗҒА ТАР ЗАМАН..

– Рау, бүгін жұмыс іздеуге шығамыз ба?

– Ләз, мен шаршадым, бүйткен қызыл дипломы құрсын!

Біздің диалогымыз қазір осындай болған. 

2012 жылы қабылданған "Білім туралы" Заңның 47-бабының 17-тармағында "жас маман оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл МЕМЛЕКЕТКЕ (соның ішінде педагогикалық бағытта бітіргендер білім саласында) жұмыс істеуі керек" делінген. Әрбір мемлекеттік грантта оқыған педагогтарға қатысты Заң, "ауыл квотасымен" шатастырмаңыздар. Бұл заң 2015 жылдан қолға алына бастапты-мыс. Біз 2013 жылы оқуға түскенде ешкім бұл туралы ләм деп ауыз ашпады. Тек тәмәм оқу бітірерде бәрімізге келісімшартқа қол қойғызды. Қандай ұрыспен, қандай қырылыспен қойғанымызды Қойғызған адамдар біледі. Сол жылы магистратураға тапсырып үлгере алмағасын жұмыс іздедік. Баяғы мемлекеттік білім беру мекемелерінен. "Орын жоқ, стажың жоқ, анау-мынау" деп қырық сылтауын айтып шығарып салады. Мына жақтан "Қаржы орталығы" қағаз жіберіп, одан қалса звондап есімізді тандырады. Жұрттың бәрі тапқан "МЕМЛЕКЕТТІК" жұмысты бұлар неге таппайды деп ойлайтын шығарсыздар?.. Біз мемлекеттік жұмыстан қашпаймыз, ТЕК:

1) Ең алғаш оқуға түскенде осы туралы ашық айтылу керек еді, тәмәм 4 курсқа келгенде жағамыздан алмай... Мұғалімдеріміз "басқа-басқа сендер жұмыссыз қалмайсыңдар" дейтін. Қайда ал жұмысы?!

2) Бұл Заңның барын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті универдегі мұғалімдеріміз "магистратураға түскесін құтыласыңдар" деген болатын. Сүйтсек, араға жыл салып түскен магистратура есептелмейді екен. Яғни, мен 2017 жылы бакалавр бітірдім, сол жылы түсуім керек. Биылғы магистратураға түскенім-менің проблемам. Енді қазір "магистратурада оқисыз" деп мектеп жақындатпайды, "жұмысқа толық күнге кірейін" десем, магистратурам жібермейді. Не ары емес, не бері емес..

3)Бір сұхбатында ақын Ықылас Ожайұлы "Мағжан сенген жастардың критерийлері бар, жастың бәріне сенем демеген ғой" деп еді. Оқуға қайта түскесін "бакалаврдың қателігін қайталамайық" деп шетелге академиялық мобильділік бойынша оқуға тапсырдық. Түркияға шақырту кеп тұрған жерінен кері қайтардық. Мемлекетке қарызы бар адамдар мемлекеттен шығарылмайды екен. Осындайда берілмеген қолдау қашан берілмек?! "Жастар жылы" дейді.

4) Сосыын, "тұрмысқа шығып, балалы болған жағдайда босатыласыңдар" деген болатын. Оказывается, балалы болып құтылу үшін де мемлекеттік жерден "тиісті демалысқа" шығу керек екен. Мүлде жұмыс істемей "демалыста отырған" группалас-аналарымызды да мазалап жатқан көрінеді. Сонда "Демография" деген актуальный проблемамыз қайда қалды?!

Біз сияқты жұмыс іздеп сандалып жүрген жас қанша ма?! Жұмысқа сұраныс жоқ екен, онда неге "қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығына осынша грант бөлінеді? Неге университет біздің "мемлекетке қарыз екенімізді" біле тұра "2 жылдарың магистратурамен есептеледі" деп неше жылдан кейін болса да оқуға қабылдайды? НЕГЕ?!

Тас лақтырсаң, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне тиеді. "Былай тартсақ, арбамыздың сынуы, былай тартсақ өгізіміздің өлуі жақын!" 

Бұл не деген парадокс саясат?! Кім шындықты ашып, кім түйінін шешіп береді?