Weekend

Жанар Сейсенбаева: Отбасы берекесі - әйелде

Бақытты отбасы болудың құпиясы неде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Отбасы қоғамдағы шағын мемелекет. Қазіргі қоғамда отбасы, бала тәрбиесі, ана құқығының сақталуы басты құндылықтардың бірі. Бүгінде отбасылық өмірді сақтап, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін ата-аналар қатары сиреп барады.  Осы орайда қазіргі таңда үлгілі отбасылардың бірі филолог, профессор, "Бақытты отбасы болудың құпиясы" кітабының авторы, "Сенім" білім беру орталығының директоры, төрт баланың анасы, қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүрген Жанар Сейсенбаевамен сұхбаттасып қайтқан болатынбыз. Сұхбатта ол отбасының бақытты болуына қажетті дүниелермен ой бөлісіп, отбасылық өмірде кезедесетін қиындықтарды жеңе білудің жолдары туралы әңгіме өрбітті.

Отбасының бақытты болуы екі жаққа ортақ

Біздің отбасылық өміріміз де кәмелет жасқа толып жатыр. Биыл жолдасыммен отасқанымызға 18 жыл болады. Отбасы құру оңайға соқпағаны рас, себебі отбасын құру үлкен сабырлықты, шыдамдылықты, төзімділікті қажет етеді. Өмірде кездескен түрлі қиындықтарға сағымыз сынған жоқ. Мені жолдасым 21 жасымда алып қашты. Сол уақытта басыма салғанға көндім, келген жерімінің заңына бағынуыма тура келді. Өзім оңтүстіктің қызы болғандықтан, әке-шешемді қара бет қылмайын деген тілек болды. Бірақ тағдырға бағынғаныммен өзімді дамытуды тоқтатқан жоқпын. Адам басына салған тағдырға көніп, өзін дамыта білсе, ол адамның қоғамға пайдасы тигені. Алдыма қойған үлкен мақсатым алған дипломымның құр тұрмауы еді. Әрине, жұмысқа шығуыма енем де, күйеуім де қарсы болды. Алайда, мен оларға қарсы шықпадым. Алдап, бабын тауып, жұмысқа олардан кейін барып, олардан бұрын келетінмін. Жалпы, отбасы бақытында көп мәселе әйелге келіп тіреледі. Отбасын сақтап, бақыт мекеніне айналдыру оңай шаруа емес. Оған үлкен төзімділік керек. Шыдамды болғаннан жаман болған жоқпын. Қазіргі таңда бақытты әйел, асыл ана, білікті маманмын. Бүгінде жолдасым, балаларыммен үлгілі отбасының келбетін айқындап отырмыз. Үлкен қызымыз Алина Назарбаев мектебінің 11-сынып оқушысы. Екінші ұлым физика-математика мектебінің 6-сыныбында, үшінші қызым 12 гимназия мектебінің 5-сыныбында білім алып жатыр. Ал кішкентай балам бес жаста. Құдайға шүкір, осы 18  жылда барлық мақсаттарымыз жүзеге асып, қалаған дүниемізге қол жеткізіп отырмыз. Ең бастысы адам армандауын тоқтатпауы керек. Адам армандауын тоқтатқан жағдайда, өмірінің де еш мағынасы болмайды. Мысалы, суды бір ыдысқа құйып, оны мүлдем ауыстырмай, бір орында қойып қойсаң, нәтижесінде су сасиды. Сол секілді адам да бір орында қимылсыз отырса, соңында ол адамды тот басады. Сондықтан адам мүмкіндік болса, әрдайым жаңашылдыққа ұмтылып, армандап, алдына жаңа мақсат қойып отыруы қажет. Бір сөзбен айтқанда, өмір жаңа лекке, жоспар мен арман, мақсатқа толы болуы керек. Сол кезде ғана өміріңнің мән-мағынасы болады. Не үшін өмір сүріп жатқаныңды түсінесің.

Жолдасым менің...

Жолдасым екеуіміз тамыры бірікпейтін екі салада жұмыс істейміз. Әрине, басында бұл кедергі келтірді. Алғашқы жылдары қайда келін болып түстім деп жылайтынмын. Себебі, мен шығармашыл адаммын. Ол әскери қызметкер. Негізі жұмысы үйлеспейтін екі адамға бір тақырыпқа еніп кету өте қиын. Осы мәселе менің де басымнан өтті. Жолдасым көп сөйлегенді ұнатпайтын. Ал мен оны сөйлетуге әрекет етіп, әртүрлі тақырыпта әңгіме қозғайтынмын. Дегенмен менің айтатын әңгімем оған қызық болмады. Содан мен әскери тақырыпта әңгіме айтуға кірістім. Өзім соғысқа қатысты кино көргенді ұнататынмын. Сөйтіп кино көріп, газеттен әскерге қатысты ақпараттарды оқып, соны талқылап, сұрақтар қойып отыратынмын. Кейін достарымен танысып, олармен де араласа бастадық. Әңгіме таппай кеткен кезде бала кезіңді айтшы деп отыратынмын. Мақсатым сөйлесу, тіл табысу болды.

Сонымен қатар ол жұмыс істеуге, аспирантураға түсіп, ғылыммен айналасуыма рұқсатын бермеді. Ал ол кезде достарымның барлығы аспирантураға түсті. Мен бала босануыма байланысты, түсе алмадым. Кешке соларды үйге шақырып, кітап, білім туралы әңгіме айтатынбыз. Кейін жолдасым ойлана келе аспирантураға түсуіме келісті. Көнбейтін еркек жоқ. Тек амалын табу керек. Басында енем де қарсы болды, шошыды. Кейін олар да көніп, қазір «профессор келінім» бар деп мақтанып отырады. Бәріне уақыт керек. Әрине мұның бәрінен өту оңай болған жоқ. Кезінде осы заманды, қазіргі күйімді көз алдыма елестеткенмін. Мен өмірдің әр қиындығынан сабақ алдым. Әр қиындықтың артында бір жеңілдік барына сендім, сенемін. Бастапқыда біз үлкен үйіміз салынбай тұрып, жарығы мен суы жоқ кішкентай времянкада үш баламен тұрдық. Дегенмен, жолдасым екеуіміз бірігіп еңбек етіп, бір-бірімізге демеу болып, сол қиындықтың бәрін артта қалдырдық. Ең бастысы бір-біріңізге деген сенім болсын.

Отбасында әке №1 адам болуы керек

Отбасы болғананан кейін ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Көп жағдайда ұрыс әйел жақтан басталады. Әйел заты сөйлемейтін кезде сөйлеп қояды. Алайда кешірімшіл болып үйренуіміз керек. Біз еркектен еркектің шамасы келмейтін дүниені талап етеміз. Отбасындағы кикілжіңнің алдын алу үшін әйел адам сабырлы, шыдамды болуы керек. Ашуланып тұрса, тілін тістеп, күлкісі келмей тұрса, күліп үйренуі қажет. Күйеудің ғана айтқанын істеп, қас-қабағына қарап өмір сүр демеймін. Адам өзінің "менін" тәрбиелеп, күйеуіңе адал жар екенін көрсетуі керек. Отбасылық өмірдің алғашқы жылдары жолдасым гүл сыйлауды білмейтін. Қазір Аллаға Шүкір гүлімді де, сыйлығымды да алып береді. Бұл қадамға өзім үйреттім. Оның барлығына уақыт керек. 

Өмірімде ең жеккөретін нәрсе балалардың көзінше ұрсысу. Енді кей кезде ұрсысып қалатын кездер болады. Бірақ мүмкіндігінше біз оңашада ұрсысамыз. Жыласам да оңашада жылаймын. Балаларым үшін әкелері нөмір бірінші адам болуы керек. Себебі кішкентайынан бастап, әкеңе айтамын, әкең естісе не болады деп өсірсең, бала әкесін өмір бойы пір тұтып өтеді.Отбасында ер адамның орны ерекше. Күйеуіңді хандай қылу үшін, оны хандай көруің керек. Ондай болу үшін сен еркектің образын өзің жасайсың. Барлығы әйел адамның қолында. Еркек адамның өз болмысы бар, мал таппайтын еркек жоқ, құрауын айт. Ал еркектің тапқанын дұрыс жұмсап, берекесін келтіретін әйел адам. Мысалы әкелері айлық алса, бүгін әкелірің айлық алды деп, дастарханды жайнатып жайып жіберемін. Мұндай дүниені көріп өскен бала жаман болмайды. Сондықтан барлық нәрсені ақылға салған жөн. Мен мысалы жолдасымды ата-анама жамандаған емеспін. Маған керісінше анам сенің мінезің жаман, Марат керемет деп отырады. Мараттың мінезін оларға білдірткен емеспін. Ал енем баласының мінезін біледі. Ол кісі маған осының бәрі сенің арқаң деп отырады. Ал балалар үшін әрине, күйеуім керемет адам.

Қазір қоғамда ажырасу көп. Неге?

Қазір біздің қоғамда ажырасу көп. Неге? Себебі жас жұбайлар қиындыққа шыдамайды. Бүгінде «енеммен сыйыспадым, күйеуім ұрды сол себепті ажырастым» деген сөздерді жиі еститін болдым. Ененің көңілін табуға болады. Ал күйеуі жайдан жай ұрмайды ғой. Басқа бәле тілден. Сол себепті алдымен арызданғаннан бұрын, ол сені не үшін ұрды, ұруға не себеп болғанын анықтап алу қажет. Үнемі ұрды деп жататандар бар. Егер сені бірінші ретінде ұрса, екінші рет ұрмас үшін біріншісінде не себеп болғанын біліп, сол әрекетті қайталамауға тырысу керек. Таяқ жемеудің амалын тапқан жөн.

Біз еркектерден әлсізбіз. Бұл табиғаттың жаратылысы. Физикалық тұрғыдан еркекпен алысу деген ақымақтық. Біз тек санамыз, ойымыз, энергетикамыз арқылы еркекті айламен жеңуге болатын құдіретіміз бар. Айла деген алдау деген сөз емес. Біз қайтсек те бақытты болуға бар күшімізді салып, еріміздің алдында күлкіміз келмесе де күліп, жылағымыз келмесе де жылап әртіс болған жөн. Ал қыздар мұны түсінбейді. Қырыққа дейін айлаңды асыра тұрсаң, қырқыңнан кейін күйеу ешқайда бармайды. Уақыт өте келе шәй ішпейміз бе деп өздері келетін болады. Бұл сыйластық болған жерде айтылатын дүние.  

Бала тәрбиесіне қажетті қағидалар

Ана мен әке балаларына үлкен арман, мақсат қоюды үйреткені жөн. Бұл ата-ананың парызы. Қазақстан дамып кеткен мемлекеттерден жиырма жылға қалып қалған. Сондықтан балалар шетелдегі дүинелерге еліктеп тұрады. Ал еліктеу арқылы біз қазақи құндылығымызды жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазақ бойындағы той жасау, қонақ күту сынды дүниелерді қазақ шашылу үшін емес бата алу үшін жасайды. Халықтың ниетін, тілегін алып, ел-жұртым дастарханымнан ауыз-тиіп кетсін деген ниетте болады. Бұл жақсылығымен бөлісу деген сөз. Біз секілді шашылып, той жасау қазақтан басқа еш жерде жоқ. Біздің қазақ баладан ешнәрсе аямайды. Осындай тәрбиені көріп өскен бала, алпауыт, дамыған елдердің ағымына негізделеді. Әрине, біз көштен қалмай балаларымызға заман ағымына сай тәрбие беруіміз қажет. Дегенмен ұлттық құндылығымызды жоғалтып алмаған жөн. Әлем жаңалығы мен қазақы салт-дәстүрдің түбін ұштастыратын азамат болса, олардың қоғамға пайдасы келеді. Біздің балаларды тәрбиелеудегі мақсатымыз өз-өздерін тауып, қу бастарын ойлайтын емес, қоғамға пайдасы тиетін азаматты қалыптастырсақ, онда біз ата-ана ретінде парызымызды орындадық деген сөз. 

Қоғамға пайда келтіру деген отбасыңды ұмытып, бар күшіңді тек қоғам игілі үшін жұмасасаң, онда бұл - үлкен қателік. Себебі, өз отбасын бақытты ете алмайтын адам, қоғамға да пайдасын келтіре алмайды. Ал қоғамға пайда келтіру үшін ең алдымен отбасыңа бақыт сыйлауың қажет. Қоғамның өзі шағын мемлекет - отбасыдан құралады. Ал отбасына бақыт сыйлаған адам, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Отбасында бақытқа кенелген адам, көршісіне, жұмысында әріптесіне жақсы энергия бере алады. Егер әйел не еркек жұмысында бастық болып, бірақ отбасы бығып, береке болмаса ол басқаларға қалай бақыт сыйлайды? Мұндай адамдар, қоғамға пайдасын емес зиянын әкеліп, қу басын күнектеп кеткен адамдар. Сол себепті мен балаларыма әрдайым, әңгіме басқаларға жақсы көрінуде емес,  бірінші адам өзінің жандүниесін жақсы көріп, қасындағы баласы, ата-анасына, шаңырағына шаттық сыйлауды үйренуі керек. Шаттықтың қай кезде сыйланатынын балаға түсіндіріп отырған жөн. Өз басым балаларға: сен егер сабағыңды жақсы оқып, не үшін жазып, не үшін оқып жатқаныңды, алып жатқан біліміңнің пайдасын түсінетін болсаң, онда сен бізді қуантасың. Сол арқылы мектепте мұғалімді қуантасың. Сен егер жақсы оқитын болсаң, қоғамға пайдаң тиеді деп ескертіп отырамын. Бұл ана мен баланың арасында үзілмейтін, көзге көрінбейтін байланыс. Яғни, тәрбие деген үздіксіз, тоқтаусыз жүретін процесс. Сол себепті менің балам өсті, сабағын оқып жүр деп қол қусырып қоятын болсақ, онда нәтижесі де нашар болады. Сондықтан тәрбие де тоқтамай үздіксіз беріліп отыратын дүине. Мысалы, су жан-жағындағы шөпке, тіршілік иелеріне пайдасын тигізіп жатыр, сол сияқты адамның тәрбиесі де, болмысы да, алған білімі де тура сол секілді пайдасын тигізіп, сол арқылы қоғамға шуағын шашып тұруы шарт. Балаңа үйіп-төгіп байлық бергенше, таусылмайтын білім мен тәрбие бер. Мұның пайдасы көп. Дүние алып беретін болсаң, адам өзі маңдай терімен алмаған байлықтың қадірін білмейді. Қазақта «атаңның малы балаға мал болмайды» деген жақсы мақал бар ғой. Менің мақсатым балаларыма дүркіретіп кәсіп ашып беріп, бір жерде «мен» деп отырғызу емес, менің мақсатым оның білімі соған жететіндей, не ашса да, қандай жұмыс істесе де төменнен бастап еңбек етіп, барлығының қадірін біліп, түсініп барса деймін. Сол кезде балаңнан пайда болады. Сондықтан, біз осы қағиданы үйренуміз керек. Мен де қоғамға пайдам тисін деп, еңбектеніп, ғылымды зерттеп жатырмын. Әрине, бастапқыда кәсіп ашу қиын болғанымен, оның қыр-сырын меңгеріп, қиындықта құламай, сүрінбей жалғастырып жатырмын. Алла бұйыртса, алдағы уақытта Қазақстанға танымал орталық болса екен деп армандаймын. Білім бұл тоқтамайтын процесс. Сондықтан білімді әрдайым жетілдіріп отыру қажет. Одан кейін  құранда да «білгеніңді бөліссең, үлкен сауапқа кенелесің» деп жазылған. Сондай бір сауапты іске үлесімді қоссам, менде арман жоқ. Сол себепті балаларыма қандай да бір жұмысты теңдей етіп бөліп беріп, барлық жұмысты бірігіп істеуге үйретемін. Қазір үлкен қызым сайт жасап жатыр. Басқа балаларым да бос отырмайды. Осылайша балаларымның барлығын өзіммен бірге еңбекке тәрбиелеп жатырмын. Осы еңбектің арқасында балалар дүниенің қадірін түсінеді. Мысалы біз де мәңгілік емеспіз.  Ертең балалар дүниенің оңайлықпен келмейтінін, оның еңбекпен келетінін, оған қаншалықты білімнің, күш-қайратттың қажет екенін түсініп өссе екен деймін. Сондықтан ата-ана баланы ерте жастан еңбек етуге, әр нәрсенің қадірін білуге үйрету қажет.

Баламен "көңіл" деген байланыс үзілмесін

Қазіргі ата-аналар балаларын тәрбиелегенннен гөрі, әлеуметтік желіге уақытын көп жіберітін секілді. Әсіресе, аналар. Одан кейін ақпарат ағымының көптігі, балаларға көңілді бөлуді шектеп қойған сияқты. Ата-аналар баланың қолына телефонды беріп, компьютердің алдына отырғызып, үстінде киімі бар, қарны тоқ деп жүре береді. Алайда арада «көңіл» деген байланыс жоқ. Ал көңілсіз дүние жақсылыққа апармайды. Мысалы, тамақты көңілсіз жасасаң, тамақ дәмді шықпайды. Ал егер керемет көңіл-күймен жасайтын болсаң, онда тамағың да дәмді шығады. Баланың тәрбиесі де дәл  осындай. Ертең балаға көңіл бөлмей тәрбиелейтін болсаң, ол баламен арадағы байланыс үзіледі. Не үшін қазір суицид көп? Біздің Қазақстан ТМД елдері бойынша суицидтен бірінші орында тұрмыз. Неге көп? Себебі, ата-ана мен бала арасында байланыс жоқ. Бала әкені тыңдамайды, әке баланы тыңдамайды. Екеуі сөйлеседі, бірақ бір-бірін тыңдамайды, әңгімелереінде үйдесім жоқ. Көп ата-ана «Балам, тамағыңды іштің бе? Киіміңді кидің бе? Сабаққа бардың ба?» сынды сұрақтар шеңберінде сөйлеседі. Ал баланың жан дүниесімен сырласпайды. Бәрінде «мен асырау үшін ақша тауып, жұмыс істеуім керек» деген сылтау ғана айтылады. Қазіргі ата-аналар жұмыстан шаршап келіп, балаға көңіл бөлмейді. Ал біздің әке-шешелеріміз бұрын шаршаса да бізбен бірігіп жұмыс жасап, бізбен бірге шахмат та ойнап арамызда үзілмейтін көңіл мен байланыс болды.  Қазір келін мен ене ғана емес, қыз бен ана да сыйыспайтын заман болды. Неге? Себебі басында кеткен қателік шеше қызымен сөйлеспеген, сырласпаған, арасында байланыс болмаған. Байланыс болмағандықтан қызы шешем мені жек көреді деген оймен өскен. Арадағы байланыс үзіліп қалған. Ал қызы күйеуге шыққаннан кейін анасы қызына ақыл айтқысы келеді, сөйтіп аралары сыйыспайды. Сол үшін қоғамда қазір осындай жағдайлар орын алып жатыр. Неге әкесін ұрып тастайтын ұлдар пайда болып жатыр? Біз тек бергі жағындағы жараның жарылғанын ғана көреміз. Ол жараның астында ірін болады. Түбінде сол ірін жараны жарып шығады. Біз сол жарылған кезін ғана көреміз. Ал ол қайдан пайда болды, оны алдын алуға болатын ба еді деген мәселені зерттемейміз. Біз тек сол ірінді жамандаймыз. Ал басында сол ірінді шығармай емдеуге болады ғой. Ал ол үшін не керек? Ол үшін қазаққа психология керек. Бұл жан әлеміндегі жара. Шетел психоллогтарының кітабын оқып, тренингтеріне бар. Дегенмен олардан алған білімді қазақы болмысымызға байланыстыра білуіміз керек. Ал дұрыс алмаған білімнің еш пайдасы жоқ. Мен өзім де ютюбтан семинарларды көремін. Алайда алған білімді қазақи құндылықтарымызға сай бейімдеп аламын. Ата-аналарға айтарым шетелдің психологтарына жүгірмей, өзіміздің Абай Құнанбаев, Жүсіп Баласұғын шығармаларын оқыңыздар. Қоғамның өршіп тұрған сылтауы ақшам жоқ, кітап алуға мүмкіндігім жоқ деген сөздер. Қол-аяғы бар азааматтардың өзі істейін десем жұмыс жоқ деп, бос жүреді. Осындай азаматтарды көріп біраз ашуланып аласың. Он екі мүшең сау бола тұра, бұлай сөйлеу өте қате. Қазақта ешектің артын жусаң да, ақша тап деген мақал бар. Мүмкіндік көп, соныдықтан сол мүмкіндікті іздеу керек. Осы жақында болған көпбалалы отбасыларға қатысты инстаграм парақшамда жазба салған болатынмын. Дегенмен, бұл жазбамда халық жаман пікірлерін жазып, мені дұрыс түсінбеді. Үкіметке сеніп, күн көру дұрыс емес. Әр адам шамасына қарасын. Адам басында "мен осы балалрды асырай аламын ба?" деген сұрақ тұруы керек. Күйеуге ғана арқа сүйеп, жайылып кетуге болмайды. Адам өзіне сенуі керек. Мен мысалы төрт баланы асырай алуға шамамам келеді деген соң әкелдім. Денсаулығыма, күшіме, жұмыс істей алатыныма сендім. Мен бұл жерде күйеуіңі сенбе деп тұрғаным жоқ. Адам өзіне және күйеуінің жағдайына қарағаны дұрыс. Мен бес бала тудым, үкімет маған ақша беруі керек деп отыру дұрыс емес. Әрине, үкіметтен де кінә бар. Қазақтың саны аз, сондықтан санын көбейтуіміз керек. Мәселен, үкімет әр балаға 20 мыңнан берді делік. Сонда сен 5 балаға берілген 100 мың теңгемен байып кетпейсің немесе бір бөлмелі үй берді. Бірақ сенде құлшыныс болмаса, өзің ары қарай қимылдап, еңбек етпесең кінәні басқадан көрме. Үкіметке сеніп, бала туу дұрыс емес. Ата-ана ретінде балаларыңның алдында парызыңды дұрыс өтеуің керек. Ертең о дүниеде әр баланың сұрауы бар. Сол себепті адам қандай да бір іске ойланып барып, қадам басуы керек. Қоғам әлі рухани дамымаған, аш. Адам қарны ашқаннан өлмейді, рухани аштықтан бірден құлдырап, өліп кетеді.

Балам "жасқаншақ" болмасын десеңіз...

Жасқаншақ бала көңіл бөлмеуден пайда болады. Отбасында өзіне қажетті мейірмге бөлене алмаған бала, қоғамға шыққанда өзін жоғалтып алады. Әр нәрсенің жетегінде кетіп қалады. Сондықтан үйде еркіндік болуы керек. Өзінің еркіндігін отбасында, әке-шешесінің алдында көрсетпегенде қай жерде көрсетеді. Анасы мен әкесінің арасындағы кикілжіңді көріп өскен бала жасқаншақ болып өседі. Әкесінен ала алмаған өшін шешесі баласынан алады. Бала таяқ жейді. Әкесі мен анасынан ұрыс естіп, соқпақ көріп өскен бала, көшеге шыққанда біреу оны ұрып кетсе, ол оған жауап бере алмайды. Себебі ол қорқып тұрады. Мұғалім ұрысса да, досы ұрса да үндемейді. Өйткені, баланың көзі сол нәрсеге үйреніп кеткен. Біз көп жағдайда бала қалай жасқаншақ болғанынын төркінін зерттемейміз. Мысалы сіз ішіңіз ауырып, ауруханаға барсаңыз, сізден кеше, оның алдында не жегеніңізді сұрайды. Тәрбиеде сол секілді, оның да емі бар. Оның себебін сұрасаң, түбінде шығады. Бала жасқаншақ болмауы үшін, әке мен ана өздерін тәрбиелеу керек. Не болса да адамды тәрбиелейтін айналасы. Бала жасқаншақ болып тумайды, оны жасқаншақ қылатын ортасы. Мен бұл жерде балаға мүлдем ұрыспау керек, ұрмау керек деп айтпаймын. Әр нәрсенің өз орны, шегі болады. Мысалы, мен балаларымыды ренжітіп қойсам міндетті түрде кешірім сұраймын.


Бақытты отбасын құрғыңыз келсе...

Жас-жұбайларға айтарым өмірдің қиындығына мойымаңдар. Бір-біріңе демеу болып, бірге дамыңдар. Оңай дүниенің ешқашан қадірі болмайды. Ал еңбекпен, маңдай термен келген дүнеиіні бағалай білесіңдер. Сонымен қатар бір-біріңе деген сыйластықтарыңызда артады. Сол себепті кез келген дүниені үйдің асханасынан бастау керек. Егер сені бірден бастық қылып қойса, онда оның арты былығып кетеді. Жас келіндерге айтарым енелеріңді сыйлаңдар. Мейлі ол адамның саған қабағы ашылмасын, сонда да сыйлай бер. Бұны көре бергеннен кейін ол кісі де автоматты түрде сені сыйлайтн болады. Отбасында тәрбиеге қатты мән беру керек. Сондықтан қазір қарттар үйі, жетімдер үйі болмасын десең баламен көп сөйлесіп, көңіл бөлу керек. Отбасында мейірім мен шапағатты көріп өскен бала жаман болмайды. Егер сен ол баланы