Weekend

Әр елдің қаңсығығын, таңсық көрме

Массондар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Массондық немесе массонерия 1717 жылы Англияда франк массондар яғни ерікті тас қалаушылар тобының бірігуі нәтижесінде пайда болған  діни этикалық ілім әрі құпия ұйым. Олардың негізгі идеясы бүкіл жер бетінде біркелкі құдай патшалығын құру. Оның ортақ мақсаты әлемдегі халықтарды бір-бірінен бөліп тұратын айырмашылықтарды жойып, ортақ тәртіптер енгізу арқылы бір орталыққа бағындыру. Өткен жылы қазақша аудармасы «лашық» деп аталатын алғашқы массондық қожаның құрылғанына 300 жыл толды деген ақпараттар таралды. Қазіргі таңда олардың орталықтары барлық елде дерлік бар екен. Сонымен қатар арнайы сайттар мен ресми парақшалары да жұмыс жасайтын көрінеді. Бұл ұйымның құрамына миллиондаған адамдар мүше екен 

Массонерия тікелей сәулет ескерткіштерімен байланысты ұйым.Олар үшін құдай әлемнің ең ұлы суретшісі. Олардың түсінігіндегі жалғыз көз ақиқатқа бастайтын жол. Жақсылық жер бетіндегі жамандық атаулыдан жоғары тұрады деп сенеді.Одан таратылған шуақ шапағат пен мейірімді меңзейді деген түсініктер айтады. Дегенмен ол символдардың шын мәнісінде қандай нәрсені білдіретіні қазірге жұмбақ. Ал үшбұрышқа тоқталатын болсақ, массондар түсінігінде  үш саны мстикалық сипатқа ие.Әлемнің көптеген елінде  үшбұрышты храмдар кездеседі. Мәселен Санкт-Петербургтегі Қазан сборымен Ахем қаласының орталық сборынан көруге болады. Сонымен қатар, Астана қаласы да массондық бейнелердің орталығы деп аталуы да еріксіз назарыңызды аудартады. Бұл жерде біз елорданы қараламақ ойымыз жоқ. Әйтседе тоқталып өткенді жөн көрдік , ағылшын суретшісі Норман Фостердің қиялынан туған бейбітшілік және келісім сарайын массондық белгісіне баласақ, Бәйтерек монументін   жоғарыдан қараған кезде 8 қырлы жұлдызға  ұқсатып, яхудилік массондық жүйеге жатқызадыБұл білместік пе немесе ағылшындық сәулетшінің қосқан үлесі ме?!

Массондық символдар тереңінен енген сала өнер.Жаңашылдыққа құмар жастардың денесіне салдырған бейнелер де бұған дәлел бола алады. Ал әлеуметтік желі де бір көзін жасырып түсу массондық символ екенін білесіз бе?! Сіз болсаңыз осыған дейін оны түсініксіз трендке балап жүрсіз.Сонымен қоса жалғыз көзділер телевизия саласындағы кино мен мультфильмдерді де жаулап алған. Атақты Уолт Дисней мультфильмдері кейіпкерлері арасында бір көзділер кездеседі.

Ең қызығы Алматы қаласында да осындай ұйымның ашылғандығы болып отыр.Ресми деректер бойынша бұл ұйымның заңды түрде ашылуына елімізде 3 жыл бұрын рұқсат берген.Оған қоса ұйым Алаштың ұлы көсемі Әлихан Бөкейханов есімімен аталады екен. Әлихантанушы Сұлтанхан Аққұлының сөзіне сүйенсек,Әлихан ағамыздың массондық ұйымның құрамында болғаны рас. Алайда ол кезде Кеңес үкіметі билік еткендіктен, тәуелсіз ел болу үшін массондықтардың күшіне сенгендігі айтылады. Алайда қазіргі таңда ұйым мүшелері Сұлтанхан мырзаны да өз қатарларына қосқысы келгендігін жасырмапты. Бұл ұсыныстан ғалым үзілді-кесілді бас тартқанын жеткізді. Шынымен-ақ біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз, ондай ұйымның қажеті қанша?! Әрі бұл құпия ұйым болып табылады екен.Сонымен қатар ұйымға кез-келген адам мүше бола алмайды мыс. Ол үшін сіздің жеке табыс көзіңіз болуы керек, дәлірек айтқанда бай болуыңыз шарт.Осыдан соң ұйым- қатысушылары тарапынан қаржыландырылып тұратынына көз жеткіздік.

Қорытындылай келе бұл ұйым құпия болып табылса елге қандай көмек беріп жатыр?! Әрбір ұйымның құрылуына себеп болады. Яғни қоғамның игілігі үшін қызмет жасау деген сияқты. Бұл массондық лажаның мақсаты бізге беймәлім.Әйтеуір тәуелсіз елімізге ешкім зиян келтірмесе екен деген ойдамыз. Әр елдің қаңсығын таңсық көргенше, өзіміздің әдет-ғұрыпымызды биікке көтерейік.