Экономика
Қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
Министрлік Мәжіліс барысында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңнаманың жаңа нұсқасын таныстырды.
"Жаңа туған сәбилер мен олардың ата-аналарын қамтамасыз ету мақсатында бала бір жасқа толғанға дейін ата-анасы жұмысқа шықса немесе кәсіпкерлікпен айналысса да оларға әлеуметтік жәрдемақыны төлеуді жалғастыра беру ұсынылады", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
Оның айтуынша, мемлекеттік қордан бөлінетін жәрдемақы мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін төмендетіледі. Сондай-ақ, Жақыпова 2020 жылы бала бір жасқа толғанға дейін берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бір бала үшін 15 050 теңге, екі балаға - 17 794 теңге, үш балаға - 20 512 теңге, ал төрт және одан да көп бала болған жағдайда 23 255 теңге болатынын айтты.