Weekend

Қытайдағы қазақ инженері БАҚ назарында

Теңіз бетіндегі ең ұзын көпір жобасына қатысқан

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылдың қазан айында Қытай халық республикасы теңіз бетінде орналасқан әлемдегі ең ұзын көпірдің құрлысын аяқтап, әлемге таныстырған болатын. Бұл туралы мақала сайтымызда жарық көрді.

Бір ай өткеннен кейін, түрлі ақпарат көздері арқылы аталған көпір жобасына тек қытай халқы ғана емес, қазақ ұлтының да үлес қосқанын естідік. Атап айтқан кезде, көпірдің тербеліске төтеп беретін күші мен басқа да табиғи апаттарға қарсы тұра алатын мүмкіндігін жобалаған Өрлеухан Қиса есімді қытайда тұратын қазақ болып шықты.

Өрлеухан Қиса – миллиард арасында жүрген қазақ аға инженері. Іле қазақ облысы, Алтай аймағында дүниеге келген. Гуанчжоу университетінде жер сілкінісіне қарсы төзімділікті зерттеу орталығының аға инженері қызметін атқарады. 1996-2000 жылдары Жапон елінде біліп алып, докторлық атағын да қорғаған.