Саясат

Саяси астары терең сурет. Суретке қарап не айтар едіңіз?

Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Тайвань

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Лю И-канадалық қытай, суретші. 2005 жылдың 6 наурызында ол Нью–Йоркте өткен көрмеде терең мағыналы туындысын көпшілік назарына ұсынды. Сурет - «маджонг ойыны» деп аталады.

Бұл ерекше туындыда мацзян (маджонг) ойнап отырған төрт қыз бейнеленген. Суреттің астарлық мағынасы өте терең. Арқа жағын көрсетіп отырған, иығында татуировкасы бар азиялық қыз- Қытай.

Үстелдің сол жағында мацзян ойнап отырған-Жапония. Ал ұзын киімдегі тартымды қыз – АҚШ.

Алдамшы позада жатқан-Ресей.

Бір жақ шетімен тұрған қыз-Тайвань.

"Қытай" қызы "пэн" мен "шығыс жел" жинады. Бұл нені білдіреді? Мұның екі мағынасы бар. Біріншіден, Қытай белсенді дамуы үшін "Шығыс желін" пайдаланады; екіншіден, "Дунфэн"–"Шығыс жел"–қытайдың баллистикалық зымыран сериясының атауы. Қытайдың жағдайы жақсы, дегенмен артылып қалған сүйекті не істемекші. Бұл қыздың үстел астында жатқан сүйектерді неге жарататыны көпшілікке беймәлім.

Америкада жүйелі ой және нақты жоспар бар. Ол Тайвань қызына терең ойға шомылып, қарап отыр, яғни бір шетінен қыздың түрінен бір нәрсені түсінгісі келгендей, екінші жағынан оның бет-әлпеті Тайвань қызына бір нәрсені нұсқап отырғандай.  

Ресей қызы ойынға қызығушылығы жоқ адамдай түр танытып жатыр, десек те бұлай ойласақ қателесеміз. Оның аяғы Американың тізесінде тұр. Ресей мен Қытай өзара тиімді ойынды жасырын жүргізіп отырғандай, себебі ол бір қолымен Қытай қызына сүйектерді беріп жатыр. Жапон қызы үстел үстіне баса назар аударады, ал басқа ойыншылардың не істеп отырғанынан бейхабар, тек өзінің қолындағы сүйекке қарап қояды.  

Тайвань қызы үстіне қызыл "дудоу" киген. Мүмкін, бұл қытай мәдениетінің соңғы мұрагері екенін білдіреді. Оның бір қолында жеміс-жидегі бар тостаған, екінші қолында-жеміс-жидекті тазалауға арналған пышағы бар. Ол Қытайға ашулы, ызалы түрмен қарайды. Бірақ ол шарасыз күйде тұр, себебі өз бетінше ойынға да қосыла алмайды. Тіпті оған кімнің жеңетіні де маңызды емес , ол тек жеміс-жидектерді тазалай алады.

Терезе жақтағы сыртқы көріністе өзен жағасы мен бұлтты аспан бейнеленген. Бұл дағдарыстық жағдайдың белгісі болуы керек [ескерту. 4]

Қабырғадағы портрет те ерекше. Мұрты Сунь Ятсеннен, тақыр басы Чан Кайшиден, бет-әлпеті Мао Цзедуннан. Олар төрт қыздың киімі туралы сөз қозғап жатыр.

Кеудесі жалаңаш, төмен жағында іш киімі мен белдемшесі бар Қытай.

Америка қызының үстінде халат пен іш киімі бар, бірақ белден төмен ештеңе кимеген.

Ресей қызы іш киіммен ғана жатыр.

Жапония толығымен жалаңаш.

Бұл әрбір мемлекет жағдайының көрінісі.

Суретке бірден қарасақ Америка басқаларға қарағанда әдемі киінген және басқалардан мықты сияқты көрінеді. Қалған ойыншыларға толық киіну үшін киім жетіспейді. Америка қызының үстінде толығымен киімі бар сияқты, дегенмен төменгі жағында киімі жоқ. Ал Қытай мен Ресей жалаңаш көрінсе де, әзірге жасырын жерін сақтап қалған.

Бұл партияның ойынында кімде-кім жеңілсе, сол қыз киімін шешіп отырады.

Егер осы раундта Қытай жеңілсе, онда белдемшесін шешіп, Ресейдің қазіргі күйіне енеді (КСРО ыдыраған кездегі сияқты).

Егер Америка ұтылса, онда Ресей сияқты іш киімімен ғана қалады.

Егер Ресей ұтылса, бірыңғай шүберекпен қалады.

Ал Жапонияның мүлдем киімі жоқ.

Ресей артық сүйекті жасырып отырған сияқты. 5] Сол арқылы қалған ойыншылармен ойнап отыр. Бірақ ол Қытаймен сүйектерін алмастырып отыр, ал Жапонияда ештеңе қалмаған. Бірақ ол ұтылса, ойыннан шегеріледі.

Түйін

Америка

Америка қызының үстінде киімі болғандықтан басқаларға қарағанда әдемі әрі тартымды көрінеді. Бірақ оған үлкен қауіп төніп тұр. Егер ол қазір ұтылса, өз жетекшілігінен айырылады.

Ресей

Ресейде екі жақты сөз байласу бар, ол мұнда ең зұлым және екі жүзді жағымпаздың рөліне еніп отыр. Еркіндік алғаннан кейінгі жағдайы Қытайға ұқсас. 6], бұған дейін Кеңес Одағына және Америкаға бейім болатын. Оның өз күш-жігері жетпегендіктен екі тараптың арасында ғана ауытқып өмір сүріп, дами алады.

Қытай

Қытай қызының қолынан сүйектерін көрмейміз. Қытайдың нақты әрі шынайы күші қаншалықты жасырын? Бірақ ол үстел астында Ресеймен сүйектерін алмастырып отыр. Ал Америка Тайваннің бет-әлпетінен бір нәрсені оқуға тырысып, Ресей мен Қытай немен айналысып жатқаны туралы болжам жасамақшы.  Жапония жалаңаш қалса да, ойынды жалғастыруда. Біз үшін түсініксіз – Қытай сүйегі .

Жапония

Басқа қыздар неше түрлі әрекет жасауда,  дегенмен оның жеңіске жету мүмкіндігі жоқ. Ал егер жеңілсе, бірден ойыннан шығады.

Тайвань

Ол ойынның қалай жүріп жатқанын бақылап тұр,  ойыншылардың қалай ойнап, қандай әрекет жасап отырғанын да көріп отыр. Бірақ оның статусы жоқ, мәртебесі төмен, сондықтан оның ойынға кіру мүмкіндігі және дауыс беру құқығы да жоқ. Дегенмен оның наразылығы жағдайды өзгертпейді. Ол тек қызмет етіп, жеңімпазға жеміс-жидекті тазалап береді.

Ойынның жеңімпазы Қытай не Америка болатынына күмән келтірмейміз. Американың күші басым болғанымен, ол қытай ойыны мацзянды, сонымен қатар батыс покерімен емес, қытай ережесі бойынша ойнап отыр. Сонда оның мұқият ойластырылған жоспарының мағынасы не болды?