Саясат

"Қазжол ҒЗИ" АҚ президенті: Автожолдарды пайдалану үшін берілген қаржы жеткіліксіз

Ал автобандар қыста қауіпті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында «Қазжол ҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев Қазақстандағы автожолдардың ахуалы туралы баяндап берді.

«Біздің институт 3 жыл бойы Астана-Бурабай тасжолы құрылысының ғылыми-техникалық базасын қамтамасыз етіп келеді. Жаңа жолдарды төсеуде жаңа технологиялар пайдаланылды. Жоба 2006 жылы қолға алынып, құрылыс 2008 жылы басталған еді. Бұл тас жолдың сапасы өте жоғары. Бірақ, көптеген жүргізушілер жолдың тайғанақтығына шағымданады», - деді Бағдат Телтаев.

Оның айтуынша, бұл мәселені оңтайлы шешу үшін жолды тазалап тұратын мамандардың санын арттыру керек.

«Жолды тек салып қана қоймай, оның жағдайын бақылау керек. Арнайы тазалау технологиялары бар. Жол тазалаушы мамандар ауа райы болжамын алдын ала қарап отыруы қажет. Жол қызметкерлері жол учаскелерін ылғи тазалап отыруы тиіс. Өкінішке орай, автожолдарды пайдалану үшін берілген қаржы жеткіліксіз. Жол тазаланады. Бірақ жеткілікті емес. Ол үшін қыруар қаржы, мамандар, техника керек», - деді ол.

«Қазжол ҒЗИ» АҚ мамандары айтқандай, бүгінде Қазақстанда асфальт-бетон жабындысымен 50-ге жуық жол учаскесі салынған. Бұл жұмыстарды жүргізу кезінде климаттық ерекшеліктер ескеріле отырып, жаңа материалдар мен технологиялар пайдаланылған. 

Дереккөз: inform.kz