Спорт

Нурмагомедов МакГрегормен бокс ережесімен жұдырықтасуға келісті

Бокс па әлде UFC?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ирландиялық Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге келісті.

Бұл мәліметті "Известия" басылымына Хабибтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов хабарлаған. "Конормен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге қатысты айтатын болсақ, ондай жекпе-жек біз үшін қызық. Хабиб аралас жекпе-жектегі ең үздіктерді жеңе алатынын көрсетті. 

Ол бұл жөнінде бұған дейін де айтқан, бірақ көп ешкім сенген жоқ. Алайда Майкл Джонсонды, Эдсон Барбозаны, Конорды жеңгеннен кейін сене бастады", - деді ол. Еске сала кетейік, 6 қазанда Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Хабиб Нурмагомедов чемпиондық атағын қорғап қалды. 

Ол МакГрегорды тұншықтыру әдісімен төртінші раундта жеңді. Бұл жеңісінен кейін ол кіші-Флойд Мейвезерді жекпе-жекке шақырды. Америкалық спортшы ұсынысты қабылдап, өз талаптарын қойды. Алайда МакГрегор 2017 жылы Мейвезермен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізген. Ол кезде ирландиялық спортшы техникалық нокаутпен оныншы раундта жеңілді.

Дереккөз: Vesti.kz