Спорт

Шорт-трек. Әлем Кубогінің кезеңі Қазақстанда өтеді

Шорт-тректен алғаш рет Алматы қаласы Әлем Кубогінің үшінші кезеңін қабылдауға дайындық жасап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шорт-тректен Алматыда ұйымдастырылып жатқан Әлем кубогі кезеңінің өткізу кестесі белгілі болды.

Қазақстандық қала шорт-тректен Әлем кубогі кезеңін алғаш рет қабылдамақ. 7-9 желтоқсан аралығында Алматы қаласында осы спорт түрінен жекелей және командалық сайыстағы ұпайларды сарапқа салу үшін әлемнің кіл мықты шорт-трекшілері бас қосады. Кезең "Халық Арена" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр.

Алматыда өтетін бұл кезең әлемдік деңгейдегі спортшылардың бағын сынауға берілген үшінші мүмкіндік. Алғашқы екі кезең қараша айының басында солтүстікамерикалық құрлықта өтті, және барлық спортшылар белгілі мөлшерде қосақы ұпайларға иелік еткен болатын.

Канаданың Калгари қаласында өткен Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде қазақстандық шорт-трекші Абзал Ажғалиев финалда 500 метрлік қашықтықта 40.136 секунд нәтижемен күміс медаль жеңіп алды. Бұл қашықтықта олимпиа чемпионы қытайлық Ву Дайцзин (39.915) алтын медаль алса, үздік үштікті эстафеда олимиада чемпионы атанған Венрия құрамасының спортшысы Лю Шаолин Шандор (40.194) түйіндеді. 1000 метр қашықтықта Еркебұлан Шамұханов алғашқы бестіктен бой көрсетті. Қыздар құрамасының нәтижесіне тоқталсақ, олардың Канададағы үздік нәтижелері - эстафетадағы 5 орын (олар В финалын ұтқан болатын).

Әлем Кубогінің АҚШ-да өткен екінші кезеңінде (2002 жылғы Қысқы Oлимпиада ойындарын қабылдаған Солт-Лейк-Сити қаласы) біздің құрамадан Денис Никиша 500 метрлік қашықтықта (40.047) төртінші орын алған болатын. Осы қашықтықта 39.505 секунд нәтижемен жеңімпаз атанған Ву Дайцзин әлемдік рекордтың қаймағын бұзды. Басқа қазақстандық спортшылар бірде-бір қашықтықта нәтижелерін жақсарта алмады, бірақ атап өтетін жайт Солт-Лейк-Сити қаласындағы кезеңге белгісіз себептермен Абзал Ажғалиев жарыс жолына шыққан жоқ. Құрама қыздарының 1000 метр қашықтықтағы үздік нәтижесі - 8 орын.

Әлем Кубогінде 500 метр қашықтықта Абзал Ажғалиев қазір әлемдік рейтингте төртінші орында, ал Денис Никиша тоғызыншы. Қазақстан құрамасынан 1000 метр қашықтықта ең үздік болып тіркелген - Еркебұлан Шамұханов (14 орын), 1500 метр қашықтықта 27 сатыға жайғасқан. Эстафеда жалпы көрсеткіште қазақстандықтар өкінішке орай ең соңғы 13 орында.

Қыздар құрамасының Әлем Кубогінің 1000 метр қашықтықтағы жалпы есептегі көрсеткіші 17 орын. Ал эстафетада жалпы есепте қыздар ерлерді басып озып тұр - әзірге тоғызыншы орында.

5000 метрлік эстафетада екі кезеңнің ешбірінде қазақстандықтар үздік нәтиже көрсете алмады, жарыс жолына әдеттегі және жаңарған құраммен шықты. Канададағы кезеңде біздің эстафеталық команда әдеттегі құраммен шықты, бірақ Әлем чемпионаты және Олимпиададағыдай ешбір жүлде алған жоқ. АҚШ-да эстафетаға тәжірибелі Денис Никиша, аздап таныла бастаған Еркебұлан Қажғали мен Мерсаид Жақсыбаев және Әлем кубогінің дебютанты Нұртілек Қажғали.

Алматыда өтетін кезеңнің жарыс кестесіне тоқталсақ, барлық қатысушы командалар 6 желтоқсанда жарыс орнына келіп жайғасады. Дәл осы күні "Халық Аренада" ресми жаттығу жұмыстары, медициналық құрамның отырысы және "Алматы" қонақүйінде команда капитандарының кездесуі өтеді.

7 желтоқсанда ірікетеу және біліктілік айналымдары басталады. Демалыс күні шорт-трек жанкүйерлерін қызықты бәсекелер күтіп тұр. 8 желтоқсан күні сенбіде сағат 13:00де 1000 және 1500 қашықтықта ерлер және әйелдер арасында жұбаныш бәсекелері өтеді. Ал саған 15:00де ерлер және әйелдер 1000 және 1500 метр қашықтықта ширекфинал, жартылай финал және финалдық сайыстарға шығады. Сондай-ақ осы күні әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта, және ерлер арасында 5000 метр эстафетада және олимпиада бағдарламасына енбеген 2000 метрлік аралас эстафетаның жартылай финалдық кезеңдері өтеді.

Жексенбі күні, 9 желтоқсанда алматылықтарға және қала қонақтарына "Халық Арена" кешеніне міндетті түрде барып қызық көруге болады - дәл сол күні кезеңнің жеңімпаздары марапатталады және қазақстандық шорт-трекшілердің оң жамбасына келетін 500 метрлік қашықтықтағы ұпайлар сарапқа салынады. Сонымен қатар, 1500 метр қашықтықта тағы да жарыстар өтеді, және ерлер және әйелдер арасында эстафетаның финалдық кезеңі, және тағы бір рет аралас эстафета өтеді. Финал сағат 14:00де басталады.

Шорт-тректен Алматыда өткізілгелі отырған Әлем Кубогінің билеттері атақты билеттік агенттіктерде 500 теңгеден сатылып жатыр. Алматыдағы кезеңнен кейін шорт-трекшілерді Германия және Италия қалаларында  тағыда екі кезең күтіп тұр, осы кезеңдерден кейін барлық 5 кезеңнің қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар марапатталады.