Спорт

"Астана" өз алаңында Киевтің "Динамо" клубынан жеңіліп қалды

Еуропа лигасы

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше "Астана-Арена" стадионында  "Астана" футбол клубы Киевтік "Динамо"ны қабылдап, 0-1 есебімен жеңіліп  қалды. 29-минутта қонақтар шабуылшысы Бенжамин Вербич ойындағы жалғыз голдың авторы атанды. Матчтың қалған уақытын елордалық команда шабуылдаумен өткізсе де қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.

 

5-тур қорытындысы бойынша "К" тобынба Диномо 11 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Астана 8 ұпаймен 2-орында келеді. Астананың басты қарсыласы "Ренн" клубының еншісінде 6 ұпай бар. Соңғы тур ойынында "Ренн" өз алаңында елордалық клубты қабылдайды. Реннді Астанада ренжітіп жіберіп едік, енді француздар қарымта қайтару үшін бар күшін салатыны анық. Сондықтан да Ренн мен болатын ойын Астана үшін Еурокубок маусымындағы соңғы ойыны болуы бек мүмкін. Астанада топтан шығу мүмкіндігі Ренн клубына қарағанда басым. Ол үшін Елордалық команда францияда тең ойнаса жеткілікті.