Спорт

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

Бұл туралы вице-президент хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Astana Arlans" бокс клубы таратылады.

 Бұл туралы бүгін есеп беру конференциясында Қазақстан бокс федерациясы ұйымының вице-президенті Данияр Әбілғазин хабарлады.

"Astana Arlans" бокс клубы таратылады. Бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдадық. Келесі маусымнан бастап бұл жарысқа қатыспаймыз, - деді ол жиын кезінде.
"Astana Arlans" WSB жобасындағы ең нәтижелі командалардың бірі болған. 2012/2013, 2014/2015 және 2017 жылдары жарыс жеңімпазы атанды. Еліміздегі ең мықты боксшылар да осы жоба аясындағы жекпе-жектерде бақ тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдаған.

Айта кетейік, Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) соңғы жылдары тоқырап келеді.  Көп командалар бірер маусым ғана қатысып, кейіннен жарысқа қатысудан бас тарта бастады.

Дереккөз: vesti.kz