Спорт

Олимпиада чемпионы: "Aстана Арланс" көп жігіттердің жолын ашты

«Astana Arlans» кәсіпқой спорт клубы

 

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Astana Arlans» кәсіпқой спорт клубының директоры Бахтияр Артаев өзі жетекшілік еткен бокс клубының таратылуына қатысты пікір білдірді.

«Astana Arlans» 8 маусым өмір сүрді. AIBA-ның ойлап тапқан жүйелерінің бірі болғандықтан, біздің енді AIBA-дан шықсақ па деген ниетіміз бар. AIBA-ның тіпті келешекте өмір сүруі немесе сүрмеуінің өзі сұраққа айналып тұр. Сондықтан, осы тұрғыда «Astana Arlans» клубын жапсақ деп ойлап отырмыз. Өйткені, қызығы қызық болғанымен, бірнеше мәселе туындап жатыр», - деді Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев.
«Артықшылықтары жайлы айтар болсам, әрине, «Astana Arlans» жігіттердің кәсіпқой боксқа жақсы дайындады. Яғни, кәсіпқой боксқа ауысу алдында жігіттер біршама бой түзеп, төселіп қалатын. Одан кейін боксшылар жалақысын алып, алға ұмтылуға мүмкіндік алды. Боксшылардың саны артып, екінші және үшінші нөмірдегі, шыға алмай жүрген балаларға да үлкен мүмкіндік береді. Фанаттардың саны артты. Былайша айтқанда, жақсы жақтары көп. Жаман жағы жоқ деп айтсам да болады. Себебі, «Astana Arlans» көп жігіттердің жолын ашты», - дейді ол. 
Сонымен бірге, Бахтияр Артаевқа «AIBA-мен байланыс реттелген жағдайда «Astana Arlans» клубы қайта ашылуы мүмкін бе?» деген сұрақ қойдық. 
«AIBA егер жабылып, жаңа мекеме ашылып жататын болса және олар ұсыныс беріп жатса, қайта ашылуы мүмкін», - деді Бахтияр Артаев. 
Еске сала кетсек, қазақ боксының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының директоры болып осы жылдың ақпан айында тағайындалған болатын. 
Ал Қазақстан бокс федерациясының бүгінгі отырысында федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин Қазақстан Бүкіләлемдік WSB бокс сериясынан шығып, «Астана Арланс» бокс клубын тарататынын жариялаған болатын. 

 

Түпнұсқасы:inform.kz