Weekend

Марк Цукерберг ұсынған сіз оқуға тиіс 10 кітап

Миллиардердің кітапханасы

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Facebook желісін құрушы Марк Цукербергтің екі аптада бір кітап оқитын тамаша дәстүрі бар. Оның әдеби талғамы түрлі мәдениеттер мен толғамдар, сондай-ақ тарихпен технологиялар туралы шығармаларды топтастырып оқуды әдетке айналдырған.

Марк Цукерберг Facebook-тегі өзінің жеке парақшасында «Кітап бүгінгі ақпараттанған заманда тақырыпты толықтай тереңнен бойлап жіті түсінуге көмектеседі»,- деген пікір білдіреді.

Және сондай-ақ ол Facebook бірлестігінің мүшелері өздерінің оқыған шығармаларын талдап, пікір бөлісіп отыратын «жыл кітабы» атты кітап клубының негізін қалаған.

Біз Марктің шексіз ықыласына бөленіп, және оларды әрбір оқырмандарына не үшін оқу керектігі туралы пікір білдіріп, кеңес берген кітаптарының тізімін құрастырдық.

«WHO NATIONS FAIL»(почему государства терпят неудачи),ДАРОН АДЖЕМОГЛУжәнеДЖЕЙМС РОБИНСОН

Бұл кітапмассачусетс университетінің экономистіДарон Аджемоглу мен Гарвард университетінің политологы Джеймс Робинсонның 15 жылдық үздіксіз зерттеп зерделеуден нәтжиесінде пайда болған еңбек. Кітап баспа бетіне 2012 жылы басып шығарылған.

 Авторлардың пікірінше, «табыс қуатын үкімет» биліктегі құзіретін жекелеген мүдделердің көркейіуіне жұмсаса, «қамтамасыз етуші үкімет» өз азаматтарының қаражатын еркін пайдалануы үшін ашық сауда нарығын құрады. Сондай-ақ, экномикалық өркендеу дегенміз мемлекет көркеюуінің кепілі емес деген пікірлерін алға тартады.

«RATIONALOPTIMIST»(РАЦИОНАЛЬНЫЙ ОПТИМИСТ),МЭТТРИДЛИ

2010 жылы басылып шығарылған Мэтт Ридлидің «Рационалды оптимист» кітабы, сол жылдары аса танымалдылық пен қатар зор пікірталас тудырған айтулы- ғылыми еңбек. 

Цукерберг бұл кітаптың маңызы туралы«WHO NATIONS FAIL»кітабымен, қоғамдық және саяси күштің экономиканы бақылауда ұстап тұруына қатысты,кері пропорцияналды теория қалыптастыратыны жайлы пікір білдіріп, «Мен екі кітаппен қатар таныса отырып, екі идеяның қайсысының ғұмыры ұзақ болатынын көруге қызғамын»,- деген екен.

«кедейліктің ПОРТФОЛИОсы », ДАРРЕЛ КОЛЛИНС, ДЖОНАТАН МАРДОК, СТЮАРТ РАЗЕНФОРД, ОРЛАНДА РАТВЕН

 

Даррел Коллинс, Джонатан Мардок, Стюарт Разенфорд және Орланд Ратвен атты ғалымдардың әлемнің ең кедей деп табылатын Бангладеш, Индия, Оңтүстік Африка секілді елдердің аудандарында жүргізген 10 жылдық тәржебиесінің нәтежиесінде кедейлітің ең төменгі сатысы ақшаны аз табатындардың емес қаржысын сақтауда қаржылық құрылымы шектелген елдерде пайда болатыны туралы зерттеу жүргізген.

 

 «Әлемдегі шамамен 3 млрд адамның күніне$2,5 табыспен өмір сүретіні туралы ойлайтын болсам менің миым жарылып кетердей күйге енеді. Миллиардтаған адамдар күніне бір доллармен өмір сүреді. Осы кітапты оқи отырып біз сол адамадарға қалай демеу білдіруге болатыны туралы түсінетін боламыз деген үміттенемін»,- деген екен. 

«ПРОБЛЕМА ТРЕХ ТЕЛ», ЛЮ ЦЫСИНЬ

2008 жылы жарық көріп, бірқатар танымал жүлделерді алып, сай-фай жанрындағы үздік новелла атағын иеленген бұл кітапта Мау Цзедунның мәдениет төңкерңісі кезіндегі оқиғалармен өріс ала отырып, қытай билігінің құпия жарлығымен жер бетін жаулап алу туралы өзге ғаламшарлықтармен ғарышқа қалай келісім жібергені туралы баяндалады.

 

Цукерберг бұл кітаптың осыған дейін оқыған ауыр материялдардың әсерінен айығуға көмектесіп жақсы көңіл күй тудырып кітап оқуға ынтасын ашқанын айтады.

«ГЕНОМ», МЭТТ РИДЛИ

Ридли Цукерберг ұсынған кітаптар тізіміне екі мәрте енген жалғыз автор. 1990 жылы басылып шығарылған «Геном» кітабы гендердің эволюциясы мен  генетика саласындағы технологиялардың дамуын екі түрге бөліп түсіндіреді.

 

 «Бұл кітап социологияны емес адамзат тарихындағы гендердің қызыметін түсіндіреді.  Бұл осы жылғы мен оқыған кітаптардың  ішіндегі мені көптеген түрлі ақпараттармен толықтырған кітап»,-деген екен Марк.

«МУКАДДИМА», ИБН ХАЛДУН

«Әлқисса» немесе «Мукаддима» кітабы 1377 жылы жазылған илсам тарихшысы Ибн Калдунның еңбегі. Адамзаттың даму тарихындағы абстракттіленген тарихи жазбалар мен универсалды элеметтерді іздеудің талпыныстары баяндалады.

 Халдуның төңікерісшіл әрекеттері оны тарихққа социология мен историографияның ішкерлей негізін қалаған әкесі етіп жасады.«сол замандағы көптеген адамдардың сенімдері 700 жылдық прогерсстің нәтежиесінде жоққа шығарылғанда сондағы адамдардың дүниені тұтастай танудағы көзқарастарын қалай пайымдағанын көру қызық болар еді.» ,- депті.

«Адамзаттың қысқаша тарихы», ЮВАЛ НОА ХАРАРИ

2014 жылдың үздік бестселлеріне айналған Иреусалимдегі  Еврей университетінің профессоры Ювал Хараридің кітабы. Бұнда ғалым адам баласының эвалюсиясын әңгімелей келе  өзін өзі тағайындаған болашақ «құдай» туралы баяндайды.

 

Марк,бұл кітап туралы «Саналы адам» өзінің замана сұрақтарына, дәл сондай замана жауаптарын алады».- деген екен. 

«Thenewjimcrow» (НОВЫЙ ДЖИМ КРОУ), МИШЕЛЬ АЛЕКСАНДЕР

Огайо шататыныдағы адам құқығын қорғау универсиетінің профессоры Мишель Александардың өзінің кітабында «наркосоғысы» қара нәсілді көптеген жігіттердің түрме мәдениетін туыдырғаны туралы және олардың тұтқыннан босап шыққанан кейін қоғамда екінші сорттағы адамға айналатыны туралы баяндайды.

 Марк бұл кітап туралы «Менің криминалды құқық пен әділ сот реформалары туралы көптен білігім келіп жүрген. Ал бұл кітапты өзім сенентін бірқатар адамдар оқуға ұсынған болатын»,- деген пікір білдірген.

«ГЛАВАРЬ БАНДЫ НА ДЕНЬ», СУДХИР ВЕНКАТЕШ

Колумбия универсиетінің, социология саласның профессоры Судхир Венкатеш 90-жылдардағы аса маңызды тәжербие үшін чикаголық бандалардың арасына кіреді. Цукербергтің пікірі бойынша, Венкатештің оқиғалары экономикалық һәм мәдени кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы әлеуметтік қарым қатынасты түсінуде зор шабыт силайды.

 

Бұл кітап туралы Марк, «Біз бір-бірімізге өз ойларымызды қаншалықты бөлісетін болсақ, қарым қатынас жасау барысында біз  бір-бірімізге деген құрметтімізді  соншалықты сезінетін әрі білдіре алатын боламыз»,- деген пікір білдіреді.

«МЕСТЬ ОРУЭЛЛА», ПИТЕР ХУБЕР

Манхэттондағы саяси зерттеу иниституының қызыметкері   Питер Хубер өзінің Джордж Оруэллдің интернет пен телекомуникациядағы дамудың жаңа сатыларының мүмкіндіктері туралы «1984» романынының бейресим жалғасын шығарған болатын. Аталған романда,  адамдардың техниканың боданына айналған өмірі туралы әңгімеленеді.

 

«Шындығында тарих бізді қалай ойыншыққа айналдырады? Хубердің кітабы біздің қоғамдағы интернеттің тұтынушыларын жақсы бағытқа өзгертіп алып баратыны туралы әңгімелейді»,-деген пікір білдірген екен.

 

Дереккөз:https://lab.bit.ua/2017/10/books-mark-zuckerberg-thinks-everyone-should-read/

Дайындаған Runa academy