Weekend

Қазақ ютубында көш бастап тұрған ТОП-5 блогерді білесіз бе?

Қазақ ютубы күн санап дамып келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ ютубы күн санап дамып келеді. Тіпті, алдыңғы жыл блогерлер үшін сәтті жыл болған секілді. Өйткені алғаш рет қазақ ютуберлері Алматы да бас қосты. Ал бүгінгі уақытта ең көп көрермен мен қаралым жинаған блогерлер кім. Оқып көріңіз!

Көш басында "Немене" арнасы.Арнайы сценарий арқылы ұйымдастырылатын бағдарлама да ер адам есі дұрыс емес таксистің рөлін сомдайды.Бірақ оның көлігі тек қыздарға ғана ашық.Сондай ұятсыз қылықтар арқылы 636 366 мың тіркелуші жинап,әр видеолары 1-ден 5- миллион арасында қаралым жинап үлгерді.

 

2-шы болып ағайынды "Пазл" арнасы тұр.Әлемнің қызықтары мен пайдалы ақпараттарды көрерменге ерекше дыбыстау арқылы жеткізуі оларды 583 130 мың тіркелушіге жеткізді.Бұл арнаның қаралымы 200 мың-нан 500 мың-ға дейін барады.Ағайынды үш жігіттін бұдан бөлек 3- арнасы бар.

Кезекті үштікте жас балалардың сүйікті блогеріне айналып үлгерген "Али кз" арнасы.Шын аты-жөні:Али Келмаганбет.Ақтау қаласының тумасы летсплей бағытында видео түсіреді.Оның тіркелуші саны:372 399 мың.Қаралым саны 100 мың-нан 600 мыңға дейін барады.

4-шы орынға "Аве Адикус"-атты блогер түсті.Елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға өз ойын ашық айтатын блогердің 148 551 мың тіркелушісі бар.Ал қаралым саны 100-500 мың аралығында.

 

Бестікке де келіп жеттік.Оның жасы небәрі 15-де болса да өз қалауына жетті.Қазір оның ютуб арнасында 120 465 мың тіркелушісі бар.Өзінің күнделікті өмірі туралы және түрлі челлендж түсіру арқылы қаралым саны 100 мыңға жетеді.

Қазақстандық ютуберлер көбейіп,сапа артып келеді.Сондықтан қазақ ютуберлер жиналысы жазда және әр жылы өткізіліп тұру жоспарлануда.Бұдан басқа 100 мың тіркелушісі бар блогерлер де бар екенің байқадық.