Bugin

Менен ұзап кеткенде

Поэзия

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Менен ұзап кеткенде

 

Менен ұзап кеткенде жыраққа арман 

Көз жасымды тыя алмай , жылап қалғам

Ерегісіп , сырғанап мұз үстінде

Талай рет жығылып, құлап та алғам

 

Жаяу ғана асам деп қыраттардан

Тау қопарып өтем деп сынақтардан

Менен бәрі алыстап кеткен кезде 

Жүрегіме сыбырлап , сыр ақтарғам

 

Албырт сезім апарып құлатқаннан

Құрысын деп махаббат, бұлап та алғам

Менен бақыт алыстап кеткен кезде 

Өзімді өзім жұбатып, сынап та алғам

 

Шөл қандырып ішем деп бұлақтардан

талай медет сұрадым суаттардан

Менен бәрі үмітін үзген шақта 

"Сабыр бер " деп Алладан сұрап та алғам

 

Менен ұзап кеткенде жыраққа арман 

Үміттендім атар деп ұлы ақ таңнан

Қою түнге мұң шағып қалған шақта 

Бір жарықты іздедім шырақтардан