Hi-Tech

Қазақ баласы Илон Маскпен жолығуы мүмкін

Санжар Тайжан кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы ең беделді журналдардың бірі және бірегейі «Forbes Қазақстанның» бас редакторы Асқар Аукенов өзініңFacebookпарақшасында Санжар Тайжан есімді қазақ баласы туралы жазба қалдырды.

Санжар Тайжан 21 жастағы қазақтың тумасы. Бала күніне ғылымға әуес жігіттің арманы басқа емес, дәл миллиардер «Spacex», «Hyperloop» жобаларының иесі Илон Маскпен кездесу.

Санжар 2013 жылы Ashlee Vance жазған «Илон Маск:Tesla, Spacex және таңғажайып болашақ» атты кітабын оқып, өзін нағыз қазақтың инжерені ретінде көргісі келген.

Кембриждегі «Bellerbys» коллежін «A-level» бөлімін «Үздік студент» атағымен аяқтаған Санжар Илон Маскпен жолығу арманына бет бұрады.

Илон Маск «Hyperloop» жобасына арналған трнаспорттық капсула жасау жобасын әзірлеген күннен бастап Санжардың арманы осы жобаға мұрындық болу болды. Бұл жолда қазақ баласы өзі оқитын университеттен команда жасақтайды. 200 өтінім ішінен 60 адам іріктеліп өтіп, Санжар «Warwick Hyperloop Team» командасын жасақтайды. 2018 жылдың ақпан айынан бастап капсуланы құрастыру жұмысына кіріскен.

Төгілген тердің арқасында өзі құрған командамен капсуланы құрастырып шығады және оның 3Dмоделін сынақтан өткізеді. «Біздің капсуламыз 11-12 секундта 500 км/сағат. жылдамдық  алды. Біздің бұл капсуламыз  «Bugatti», «Tesl»a тіпті, «Boeing» ұшағынан да жылдам екенін көрсетеді»,- дейді Санжар.

Санжардың жұмысы жетістікке жетіп, 600-ден астам өтініш ішінде 52-орында тұр. Ал жобаның қорытындысы биыл жарияланады. Оған ең үздік деген 20 жұмыс енеді. Яғни, 20 жоба жетекшісі Илон Маскпен кездеседі деген сөз.