Hi-Tech

IBM Model 5150

Cіз дербес компьютердің осы моделі жайында білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

IBM компаниясы болмағанда бүгінгі күні компьютер нарығы қандай болар еді? Әрине,1981 жылы шыққан 5150 үлгісіне дейін де дербес компьютерлер болған, бірақ IBM-нің жарнамалық компаниясы корпоративті ЭВМ-ді көптеген үйлердің бір бөлігіне айналдырып қана қоймай, осы өнімді өте табысты етті . Компанияның жаңа дербес компьютер моделін ұсынумен қатар қабылдаған маңызды шешімі ретінде дербес компьютерлерге арналған DOS операциялық жүйесін басқа да өндірушілер үшін лицензиялауы болды. Бұл IBM- үйлесімді жүйесінің пайда болуына әкеліп қана қоймай, бұл ОЖ-ні сол уақыттағы барлық дербес компьютерлер үшін бірегей стандартқа айналдырды ( Apple-ді қоспағанда ). Енді толығырақ тоқталып өтсек .

IBM 5150 моделін IBM Entry Systems компаниясының инженерлері мен дизайнерлер тобы Дон Эстридж бастауымен құрған болатын.Бағасы 16 Кб ОЗУ, Color графикалық редакторы бар конфигурация үшін 1565 АҚШ долларынан (2018 жылы 4313 долларға тең) басталып, ең қымбаты 3005 АҚШ долларына тең болды. Қымбатырақ модельдері бизнес үшін,ал арзанырағы үйде қолдануға арналды.

Apple-дың табысты дистрибьютерлік жүйесін зерттей келе алғаш рет тауарларын Computer Land және Sears Roebuck желілерінде сата бастады. IBM сол кездегі ең мықты маркетингтік жүйені құрды: танымал жұлдыздардың қатысуымен түсірілген жарнамалар, адамдарды ДК-ді сатып алуға итермелейтін слогандар өз үлесін тигізді. «Менің серіктестерімнің ешқайсысы Apple II немесе Osborne I компьютері туралы сөйлескісі келмеді...олардың қызу талқысы тек IBM болды» деп Osborne I компьютерін құрастырушы Дэвид Баннелл естеліктерінде жазып кеткен екен.

Уақыт өте келе сыйымдылығы, операцияларды орындау жылдамдығы , орындалатын операция түрлеріне қарай заманауи, аса қуатты компьютерлер кеңінен таралса да , «компьютер атасын» ұмытуға болмайды. Сатып аламын деуші әуесқойлар үшін бұл модельді eBay компаниясы 23 АҚШ долларына ұсынады.