Weekend

Данэлия Төлешова The World’s Вest шоуында қалай өнер көрсетті?

Көрермендердің көңілінен шықты ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық талантты әнші Данэлия Төлешова америкалық The Real ток-шоуына қатысты. Бұл шоуда оны "вокал ғажайыбы" деп атап өтті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жүргізуші қыздың қазылар алқасына қалай әсер еткенін және ән айту талантының бар екенін қашан түсінгенін сұрады.

"Мен 10 жасымда "Голос.Украина" шоуына қатысып, жеңімпаз атандым. Бұған дейін мен гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін мен билей алмадым", - деді Данэлия.

Ол The World’s Вest қазылар алқасының мүшелерімен кездесуді армандаған: Фэйс Хилл, Дрю Бэрримор, Ру Пол және Джеймс Корденмен. Ол өз арманы орындалғанын айтты.

The World’s Вest сахнасына шығар алдында аяғым дірілдеді. Бірақ ән айта бастағанымда бірден басылды. Сахнада мен өзімді әрдайым бақытты сезінемін", - деді Төлешова.

12 жастағы әнші болашақта альбом жазуды жоспарлап отырғанын айтты. Данэлияның айтуынша, ол iamdaneliya.com ресми сайтта сатып алуға болатын киім желісін іске қосқан.  The Real Ток шоуы америкалық KPLR-TV телеарнасында шығады. Бағдарламаның жүргізушілері Адриенна Бейлон, Лони Лав, Жанни Май, Тамера Маури және Тэймар Брэкстон. Осыған дейін, Желіде Данэлия Төлешеваның The world's Best таланттар шоуында көрсеткен өнерінің анонсы жарияланды. Видеода ол  әнші Sandra Day-дің Rise up композициясын орындайды.

"Көзіме жас келді", - деді төрешілердің бірі Дрю Берримор. Қазақстандық әншінің өнері америкалық телеарналарда 13 ақпанда көрсетіледі. Ал Қазақстанда оны келесі күні таңертең көруге болады. Бірнеше күн бұрын бұл байқауға Димаш Құдайберген қабысты. Әнші Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған болатын. Байқауда үш судья төрелік етті - әнші Фэйт Хилл, актриса Дрю Бэрримор мен актер Ру Пол - олар Димашқа 50 ұпайдан берді, бұл ең жоғарғы баға. Өнер әлеміндегі 50 тәжірибелі адамнан құралған "Стена мира" әншіге 48 ұпай берді. Жалпы көрсеткіш 100-ден 98 ұпай.