Денсаулық

Ислам және медицина. Нені білуіміз керек?

Хақ дінді мойындау керек шығар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл санауымыздың алғашқы дәуірінен бастап медицинаның дамуы ислам өркениетімен тұтасып келеді. Бүгінгі қарыштап дамыған жаңа технологиялар асыл дініміздің хақ әрі адамзатқа берер пайдасы мол екендігін дәлелдеуде. Көк пен жер үстіндегі барлық ақиқат қасиетті Құранның құндылықтарын айғақтайды.

Қазіргі күнге дейін адам денсаулығына жауапты мамандар заманымыздан жарты ғасыр бұрын медицина саласының дамуына үлкен үлес қосқан Гиппократты өздеріне пір тұтады. Тіпті жұмысына кіріспес бұрын оның даңқын асқақтатып, «медицина атасына» адал анттарын береді. Гиппократ- ежелгі Грекияда діннің қыспағына қарамастан,адам денесін ашуға деген тыйымды елемей, емдеу тәсілдерін ойлап тауып,оның дұрыстығын дәлелдеген, ауқымды трактаттар жазған пәлсапашы, даңқты тұлға. Ерен енбегі жаңа заманда да, келешекте адамзат игілігіне жарайтындығы мәлім. Дегенмен де, жыл санаудың алғашқы ғасырында Арабия түбегінде Ислам атты өркениет дүниеге келген болатын. Ең жас діннің әлемге таралуы сан мыңдаған инсандардың санасына серпіліс беріп, көкірек көзін ашып, надандық қараңғылығын жарып шығуына сеп болды. 

Ислам діні біздің заманымыздың жетінші ғасырында пайда болды. Соңғы пайғамбар арабтың құрайыш тайпасынан шыққан Мұхаммед(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жахилилер дәуірінде қараңғы халыққа Құдайдың бір екендігін, оның ақиқатын жария түрде жеткізуші құрметіне ие болды.Адам ұйқысынан оянып, ұйықтағанға дейінгі барлық дұрыс болған іс-амалдарын, тіпті қалай ас ішу керектігін де өзі үлгі ретінде үйретіп кетті.Оның киелі әрі мәңгі мұғжизасы – Құран кәрім еді. Мұсылман қауымының қасиетті кітабы әлемдегі қандай сала болмасын жүйелі түрде түгел қамтыған жалғыз ақиқи білім жинағы болып табылады. Онда ерекше түрде медицина саласын айта аламыз.

Ардақты дініміз тым артта қалған Еуропаның Қайта өркендеуіне ерекше үлес қосып, тың серпін берді. Бұл шындық, оны батыстың халқы да мойындайды.Қай кезде де болмасын бүкіл әлемді толғандырған – адам мәселесі болатын. Құранды тәпсірлеп, тура не жанама жеткен деректерге сүйеніп, медицина саласы қарқынды дамыды. Ислами ғалымдардың ішінде ғұламалық дәрежеге жетіп, «медицина атасы» саналған Ибн Сина дүниеде адам сенгісіз жаңалықтар ашқан болатын. Батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі ғалым – 456-ға жуық еңбек жазған пәлсапашы, астроном. Оның ең құнды еңбектерінің бірі – бес томдық «Қанун».

Ислам әлеміндегі шоқтығы биік Ғадиди емханасы 981 жылы Бағдад қаласында ашылған. Сондай-ақ Дамаскідегі ән-Нури, Каирдағы Мансури ауруханалары бір емделгенде 4000 ауруды қабылдай алған. Адам денесінен арам қандарды алуда сүлікті, араны, хиджаманы пайдалану да ислам арқылы енген. Тіпті қарапайым гигиена сақтау, мысалға асқа дейін және кейін қолды жуу, жеке құралдарын пайдалану да иллахи діннің арқасында адамзатқа таралды. Мың аурудың себебі де жеке бас гигиенасын сақтамаудан болатын.

Мұсылмандар шөптен дәрі-дәрмектерді жасауды меңгерді. Адам ағзасын толығымен зерттеп, ауру белгілерін,емдік жолдарын анықтауға мүмкіндік алды. Тіпті адамнан бөлек хайуанаттардың да емдік жолдарына негіз салды. Себебі адамға аурудың көбі хайуанаттардан да жұғатын еді. Сондай-ақ тіс аурулары да емсіз қалмады. Аз-Заһрауи «Тасриф кітабында тісті қалай жұлу керектігін, қандай құралдар пайдалану керектігін, тіс салуды да, тіпті тіс пастасының жасалу жолдарын да жазып қалдырды.

Құдіреті шексіз мейірімді Алла Тағаланың адамзатқа тура жолды көрсеткенін сан түрлі деректермен дәйектеп айғақтай аламыз. Қазіргі заман ғалымдары анықтаған сенсациялық жаңалықтары бұдан он төрт ғасыр бұрын белгілі болған еді. Дегенмен де қазіргі заман Исламды жаңа қырынан танытып келеді. Алдағы уақытта ғылым прогресі Исламның хақ дін екендігін дәлелдеуге негіз болары сөзсіз. Болашақта өмірімізді сеніп тапсыратын дәрігерлердің «пірлеріне емес» , қасиетті Құранға қол қойып ант берсе құба-құп болар.