Weekend

Ымырттағы махаббат

Махаббат жаспен өлшене ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тарихы 1925 жылдан бастау алатын қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов атындағы драма-театрдың табалдырығынан аяңдап түсіп келемін. Кешкілік қойылымға дейін екі сағат бар. Абай даңғылының қилысындағы асханалардың бірінде шәй ішіп, жайлануды жөн санадым. Сағат тілі жылдам жылжып, қойылым басталуына аз-ақ уақыт қалды.

Зал лық толы. Кезекті қойылым Г.Гауптманның пьесасына қойылған режиссер Рубен Андриасянның «Ымырттағы махаббат» драмасы. Сахнаның барқыт перделері сырғи ашылып, көрермендер сілтідей тынды. Әсем безендіріліген сахна көрінісі көз қызықтырады. Қалай басталады екен? Немен аяқталады? Рөлді кімдер сомдайды? Алғашқы сәтте көпшілік қауымды осы тақылеттес сұрақтар қызықтырды. Алайда көп ұзамай сахна төріне Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік М.Әуезов атындағы драма-театрының актері Асанәлі Әшімов бастаған дарындар шоғыры кезекпе-кезек шыға бастады.

Қойылым сюжеті: Жасы келген Матис Клаузен мен жиырма жастағы Инкен Петерстің махаббатына Клаузеннің ұл-қыздары қарсы. Әке мұрасын болашақ өгей шешелерінен қызғанған олар небір айлаға барады. Дүниеқоңыздық пен ашкөздік билеген жақындарынан құралған топтың тегеурінінен шынайы махаббат жапа шегеді. Ал, уақиға соңы Клаузеннің қасіретімен аяқталады.. Байлық үшін сырт айналған туыстарына қарап қарны ашқан Клаузеннің бейнесі, болмыс-бітімі адуынды актер Асанәлі атамыздың өзімен үндестік тауып жатқандай. Ал кеш соңы көрерменнің театр өнеріне деген ыстық ықыласымен аяқталды. Ду шапалақ, сүйікті кейіпкерлерін сомдаған көркем актерлерге деген құрмет, құшақ-құшақ алқызыл гүлдер...