Саясат

Әлемдегі қазақ қандастарымыз

Дүние жүзіндегі қазақ диаспорасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ халқы ерте замандардан бері түрлі жайттарды бастан кешіп, салдарынан амалдың жоғынан жан-жаққа тарап, бірі Қиыр шығысқа қарай кетсе, бірі Еуропаға көшті. Оған 18 ғасырдан басталған жоңғар - қазақ және орыстардың үстемдігіне қарсы көтерілістер себеп болды.

ТМД-дағы қазақ диаспорасының саны ең көп ел —Өзбекстан.

Қазақтар Ташкент облысының Бостандық ауданында, Бұхар облысының ауылдарында және Қарақалпақ Республикасының басым көпшілік халқын құрайды. Олар, негізінен, егін және мал шаруашылығымен айналысады. Қалыпты өмірлерінде, бұрынғы көшпелі өмір салтының элементтері сақталып қалған. Мысалы, киіз үйді пайдалану, мола құрылысының қазаққа тән сипаттары сақталған. Одан өзге, Түркмен елінде де қазақтардың саны көп. Олардың басым көпшілігі Тахтабазар ауданындағы Нарын, Байрамәлі, Небитдаг, Ташауыз қалалары мен Мұрғап станциясында тұрады. Халық түркмен және орыс тілдерінде сөйлейді. Өкініштісі, мүлдем қазақ мектептері жоқ және біздің тіл қолданысқа енбеген. Ал, Тәжікстандаон мыңға жуық қазақтар тұрады. Мұндағы халық қазақи мәдениеттен алшақтап кеткен.

Түркия қазақтардың қандас мемлекеті ретінде көпшілікке белгілі. Оның бірден бір себебі , ондағы қазақтардың көптігі, өйткені 2000 жылы 20 жың қазақ болса , бүгінгі күні олардың саны біршама артқаны анық. Жыл сайын, Қазақстаннан Түркияға миллиондаған адам демалуға , кейде сол жақта тұрмыс құрып қалып жатады. Сондықтан, түрік халқында да келіндік міндет, кіндік әке-шеше, туыстарына бала беру, келіннің бетін ашу секілді дәстүрлер сақталған. Ал, қазіргі таңда Түркияда білім жатқан қазақ жастары да жетерлік.

Моңғолия қазақтардың ең көп орналасқан тарихи ата мекендердің бірі. 2000 жылдары елде 83 мыңға жуық қазақ болған. Олардың өмір сүру дістүрі көшпелі қазақтарға тән дәстүрлермен сақталған, оған мал және егін шаруашылығымен айналысуын атасақ болады. Сонымен қатар, халықтың көптігі мен бір біріне жақын орналасуы Моңғолиядағы қазатардың мекенінің қалыптасуына ықпал етіп, дәстүр жарғылардың, ана тіліміздің қатаң сақталуына ықпал етті. Бүгінде, Моңғолияның Баян Өлгий қаласында қазақтар қауымдастығы жұмыс істеп, түрлі ақын жазушылардың кітаптарының желісі бойынша М.Әуезовтің— «Еңлік — Кебек»,Ғ.Мүсіреповтің— «Қозы Көрпеш — Баян сұлу»,Ш. Айтматовтың«Ана - Жер-Ана» еңбектерінетеатрлық қойылымдар қойылып , мәдени байланыс сақталып отыр. Келісімге сәйкес, Моңғолиядан барлығы 83 000 адам көшіп келді. кейіннен 12 000-нан астам қазақ кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.

Қазақтардың жиі көшіп баратын мекендерінің бірі Иран. Бұл елде 3500- ге жуық қандастарымыз бар. Ирандағы қазақ диаспорасы қазақы дәстүрлі қатаң сақтағандардың бірі. Өйткені, бұл елде құда түсу, сырға салу, келін түсіру, ұлдың тойы дегендей ұғымдар бар. Әрі қазақтың текеметін жай намаз немесе үлкендеу өлшемде кілем ретінде де пайдаланады. Бұл елдегі қазақ халқының жағдайы орташа, олардың көпшілігі қазақ соңғы кездері парсы тілінде сөйлейді. Жағдайдың орташа болуы мен саяси ахуалдарға байланысты ол жақтан көшіп келетін отандастарымыздың саны да аз.

Қазақ диаспорасының ең көп бөлігі іргелес, Ресей Федерациясында қоныстанған. Ресей Федерациясында да қазақтар саны айтарлықтай, 800 мыңға (20002001жылдары) жуық. Олар тығыз қоныстанған аудандарҚазақстаншекарасының маңына таяу орналасқан, бұлАлтай,Новосібір,Омбы,Челябі,Қорған,Орынбор,Саратов,Волгоград,Астраханоблыстары. Ресейдің еуропалық бөлігінде қазақтар саны аз, негізінен, қалаларда тұрады.Елдегі қазақтардың көпшілігі қазақилықтан алшақтап, орысша сөйлеп, сол елдің мәдениетіне сіңісіп кеткен. Алайда,1991жылыМәскеудегіқазақ жастарының «Мұрагер» мәдени қоғамы өз жұмысын бастады.Астанадағы көп ұлттымегаполисжағдайында бір-бірімен тығызқарым-қатынасынсақтап калу үшін мәскеулік «Қазақ тілі» қоғамы ұйымдастырылды (1990жылы соңы мен 1991 жылы басында). Өткен жылдар ішінде бұл қоғамдар мен бірлестіктер біраз жұмыстар атқарды.Сонымен қатар, жыл сайын Наурыз мерекесін тойлау дәстүрге айналған. Ресейде жыл сайын қазақ халқының өнері мен мәдениетіне арналған апталықтар өткізіліп тұрады.

Қазіргі кезде түрлі деректер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейінгі аралықты қамтиды. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Себебі Қытай үкіметі халық санына қатысты нақты мәліметтерді бермейді, бұл демографиялық саясаттың бірі. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Демек, қандастарымыздың түрлі шендердегі сан – қилы қызметкерлердің қатарына кіретіні рас. Көпшілігі, халық шаруашылығымен, саудамен, енді бірі көлік және техника саласының мамандары. Бүгінгі күні ҚХР-дің түрлі аймақтарын мекендейтін қазақтар өте көп, сондықтан бұл жақтан бізге келушілердің саны көбірек.

Еуропада да қазақтардың саны жетерлік. Олардың бірі , бір кезеңдерде саяси әлеуметтік мәселелерге қатысты көшіп кетсе, енді бірі білім жолыымен барып сол жақта қызмет етіп қалып қойып жатады. Еуропадағы қазақтардың көпшілігінің тұрмысы жақсы, сондықтан бірнеше тілді біліп, бизнеспен айналысады.

Қорыта келе, әлемдегі қазақтардың саны жетерлік. Әрі бүгінгі күні еліміздің әлем елдерінің сан мыңдаған мекендерінде елшіліктері бар. Сол арқылы қазақ қандастарымыздың жағдайын біліп, әркез байланысқа түсіп отырады. Сөздің шыны керек, бәрінің жағдайын жасап, қауіпсіздікті қамтасыз етіп отыр деп толық айта алмасақ та белгілі бір дәрежеде көмегін тигізуде.