Woman

Шынайы бақыттың сыры

Бақыт сыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шынайы бақыттың бірінші сыры - көзқарас күші.

- Осы сәттен бастап өз өмірімнен тек жақсылық іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл-күйіме байланысты. Ендеше, мен өз ойымды, яғни өз бағытымды басқара аламын.

Шынайы бақыттың екінші сыры - дене күші.

- Сергек көңіл, ширақ дене өзімді бақытты сезінуіме көмектеседі.

Шынайы бақыттың үшінші сыры - бір сәттік өмір күші.

- Бақытты жылдар, айлар, апталар, тіпті күндер қалтарысынан емес, әрбір сәттен іздеу керек. Біз өткенімізге көз жіберсек, бір күнгідей болады. Егер тек жақсы және шаттықка толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркем фильм сияқты көрінер еді. Сондықтан да, әр сәттің ең жақсысын есте сақтайтын болсақ, өміріміздің бақытты екендігімізге көз жеткіземіз.

Шынайы бақыттың төртінші сыры - өзін-өзі тану күші.

- Адамды қарт, сырқат және бақытсыз ететін оның жасы, ауруы және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ, сондай боламыз. Егер өзімізге көңіліміз толмаса, өмірімізге де риза болмаймыз. Сондықтан да, бақытқа қол жеткізу үшін өзіңе-өзің риза болуың керек.

Шынайы бақыттың бесінші сыры - мақсат күші.

- Адам жанына ең қажеті - өмірінің мәнді болуы, мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналып кететіні даусыз. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кезеңдерден қиналмай өтесің.

Шынайы бақыттың алтыншы сыры - шаттық күші.

- Егер сен ешқашан да күлмейтін болсаң, бақытты болу оңайға түспейді. Ғылыми зерттеулер біз күлген кезде қанымыздағы стресс гормандары: адреналин мен картизон деңгейі азайып, өзімізді жақсы сезінетінімізді дәлелдеген. Кез келген жағдайда "Мұнда қандай жамандық бар?" деп ойлаған дұрыс.

Шынайы бақыттың жетінші сыры - кешірім күші.

- Кешіре білу - шынайы бақыттың есігін айқара ашар сиқырлы кілт. Егер жүрегіңде реніш сезімдері орын алса, бақытты болу қиын. Бұл сезімдерден өзіңнен басқа ешкім қиналмайды. Кешіре білу уақытқа емес, өзіңнің түсінігіңе байланысты. Адамды тек қателескені үшін ғана жек көруге бола ма? Өзің ешқашан да қателеспейсің бе? Егер жіберген қателігі үшін әр адамды жек көре берсең, соңында өзіңді де жек көріп кетесің. 

Шынайы бақыттың сегізінші сыры - сыйлық күші.

Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзің де бақытқа кенелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл - Табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқымнан мың тұқым алатының сияқты, соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөленесің.

Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры - қарым-қатынас күші.

- Бақыт, ең алдымен, сенің өзіңе деген көзқарасыңнан, сол сияқты достық және махаббат сезімдерінен, айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасыңнан туындайды. Адамдармен қарым-қатынассыз өмір - бос, яғни өмір той-думан, шаттыққа толы болуы қажет. Егер ешкім болмаса, туған күніңді қалай тойлар едің? Сен байқадың ба, біреуге өз қиыншылықтарың туралы айтсаң, жеңілдеп қаласың. Ішіңе сақтасаң, ол өршелене түседі.

Шынайы бақыттың оныншы сыры - сенім күші.

- Сенім - шынайы бақыттың күре тамыры. Сенім адам жанын күдіктен, үрейден, қорқыныштан арылтады. Бәрімізде де тек бақыт үшін ғана емес, өз өміріміз үшін де сенім болуы шарт.  

- Мен бақыттымын, өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді, бақытты болу жолдарын білемін! Өзіме, өз болашағыма сенемін!