Денсаулық

Беттегі меңдердің мән-мағынасы жайлы білесіз бе?

Мінез-құлқыңыз туралы не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беттегі әр меңнің мағынасы бар. Олар арқылы адамның мінез-құлқын біліп алуға болады.

Беттегі меңнің қандай мағына білдірері кез-келген адамды қызықтырары анық. Мең тек адам сұлулығын асырып қана қоймай, сонымен қатар мінезі туралы сыр шертеді.

Маңдай үстіндегі мең – сіздің еркін, шығармашылыққа жақын және еңбексүйгіш екеніңізді білдіреді. Мұндай адамдарға өзгеге қарағанда өзіне жұмыс жасаған ұнайды.

Қас үстіндегі меңі бар адамдар креативті, талантты болып келеді. Егер олар өз дарынын дамытса, онда олардың даңқ пен табысқа қол жеткізері хақ.

Беттегі мең адамның өте белсенді әрі жақсы әңгімелесуші екенін көрсетеді. Алайда олар тәкаппарлықтан аулақ болғаны жөн.

Ерін айналасындағы меңі бар адамдар көбінесе саяхаттауға, жаңа дүние жайында мағлұмат алуға жаны құмар.

Мұрын үстінде меңі бар адамдар қу, пысық болып келеді. Алдына қойған мақсатқа жету жолында ештеңеден тайынбайды.