Weekend

Жарқ еткен жұлдыз

Чемпион

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

25 ақпан мен 5-наурыз аралығында Денис Тен руxына бағышталып түсірілген "Величайшее шоу" кинофильмі жарыққа шығады. Бұл туындыны Глобус сауда-орталығындағы Bekmambetov Cinema  кинотеатрынан көре аласыздар. Аспан әлеміндегі жұлдыздардың барлығы да қатты жарқырай бермейді. Әлсіз жанып тұрғанымен ұзақ уақыт жоғары да болатын жұлдыздар да жетерлік. Ал, кейбір жұлдыздар бірден жарқ етіп түнде нұр шашқанымен, тез сөнуі мүмкін. Сол секілді жерде өмір сүріп жатқан жұлдыздар да бар. Оның бірі де бірегейі Денис Тен.

Денис Юрьевич Тен  қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс медаль жүлдегері. VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион, Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған талантты жас.  Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алып, әлемге нұрын шашып жатыр еді. Дегенмен сөнуі де тез болды. Өз ұлты корей болғанымен, жүрегі қазақ деп соғар асыл ердің бірі еді ғой. Ендігі кезекте Денистің өміріне тоқталып өтсек.

Ол музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан.2002 жылы Денис қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді. Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды. 2003 жылы "Хрустальный конек" турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тек жас спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді. Бірақ халықаралық деңгейде келесі жылдан бастап көрінеді, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар Одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болады. 2010 жылы Нидерланддағы Гран-при жасөспірімдер этапында 10-шы болды. 2014 жылы өткен Сочи олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз жүлдені алып берген спортшы. Сочи қысқы олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанаудан қола жүлде иегері.Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, Денис басқа спорт түрлерімен, атап айтқанда, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған екен. Қарап отырсаңыз ,белсенді жастың бірі болған. Ақжарқын сері жігітіміздің достары да көп еді .Оның достары да осындай керемет жанның  дүниеден ерте озарын ойламаған болар. Оған  дәлел Димаш Құдайбергеннің инстаграм парақшасында жариялаған посты:

"Осы посты жазамын деп ешқашан ойламаппын..Бұған сене алмай отырмын. Денис, менің бауырым, досым. Сенің орның әрдайым ойсырап тұрады…Достығың үшін рахмет, Джеки! Сен ұлы адамсың, ұлы!!! Сен аңыз болып қалдың! Өмірден ерте өткенің қандай өкінішті… Мен үнемі сені мақтан тұтатын боламын, сағынатын боламын! Сен бар ғұмырын елінің беделін көтеруге арнаған батырсың! Барлығы үшін рахмет! Бұған сенгім келмейді… сене алмаймын…Біздің соңғы әңгімемізді ешқашан ұмытпаймын. Жатқан жерің жайлы болсын…!Туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қаскөйлер жазасыз қалмайды…", — деп жазды әнші.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматы қаласындағы облыстық клиникалық ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмды. Денистің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілді. Елбасы Денис Тенге қатысты қылмысты мұқият тексеруді тапсырды. ҚР ІІМ күдіктілердің ұсталғанын жария етті. Ал, қыркүйек айының соңында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов аталмыш қылмыстық істің тергелуіне қатысты мәлімет берген болатын. 25-желтоқсанда Алматы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында белгілі спортшының өлімі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті.Соттың соңғы отырысында сотталушы Нұралы Қиясов өз кінəсін ішінара мойындады.Қылмыстың өтеуі-жаза.

Бірақ бізге ешкім де  жақын жандарымызды тірілтуге мүмкіндік бермейді. Өмір осындай қатігез. Жарқ етіп аспанда нұр шашып, небәрі 25 жасында өмірмен қош айтысты. Жатқан жерің жайлы болсын  жас талант!!!