Саясат

Өскемен әкімі қайырымдылық челленджін бастады

Қала әкімі көпбалалы отбасыларын қалай қуантты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Наурыз мерекесі қарсаңында #НарруНаурыз челленджді бастап берді.

Әкімдіктің хабарлауынша, Өскемен әкімі қайырымдылық көмек көрсету және мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатындағы бастаманы Instagram желісіндегі аккаунтында жүргізген тікелей эфир кезінде жария етті.

«Қала әкімі көпбалалы отбасынан шыққан 16 жасар Әнуар Қадыровтың  хатын оқып берді. Жасөспірім өзіне және ағалары мен әпкесіне Наурыз мейрамы қарсаңында компьютер сыйға тартуын сұраған», - делінген хабарламада.  

Жақсылық Омар баланың хатына жауап ретінде әріптестерімен бірге ноутбук сыйлап, #НарруНаурыз челленджін жариялауды шешкенін жеткізді.

«Қаланың барлық кәсіпкерлерін, қайырымды жандарды челленджге белсенді қатысуға және игі істер жасауға шақырамын. Наурыз- мейірімділік пен жасампаздықтың мерекесі», - деді Жақсылық Омар.