Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан жаңалықтары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатуға байланысты мәлімдемесінен кейін Елбасы бірнеше елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Президенттер алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты «осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент» деп атады.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта  тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.