Travel

Елімізде туризм саласын қалай дамытуға болады?

Әлем нарығын шикізатсыз, өндірістік ресурстарсыз бағындырдың тиімді жолы - туризм.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бәрімізге белгілі, әлемдік алпауыт мемлекеттер ішкі бюджеттік табысты, ешқандай шикізат қажет етпейтін, өндірмейтін, өндірілмейтін туризм  саласынан тауып отыр. Бұл саланың артықшылығы да сол, қазіргі нарықтың, адамдардың да сұранысын жаулап алуда. 

Неге туризм саласы бюджеттік қарқындылыққа ие? 

Себебі,  біріншіден ешқандай шикізат, өнім, өндірістік технологияларды аса қажет етпейді. Экономиканың да сұранысы осы ғой, яғни қашанғы қара алтын, алтын, газ, көмір секілді  сарқылатын дүниеге байланып отыра алады екенбіз. Сірә, ол мүмкін еместігін бүгінгі таңда туризм саласы көрсетіп отыр.

Қазіргі туризм – бұл құлдырауды білмейтін әлемдік экономиканың саласы емес пе? Ендеше еліміздің де бұл салада орнықты орын алуына мүмкіндігі бар. Мамандардың есептеуі бойыша, орта есеппен бір шетелдік турист әкелетін кірістің баламасын табу үшін, әлемдік нарыққа шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары сұрыпты астық шығару керек екен. Сонымен қатар, шикізатты сату елдің энергия көздерін сарқыса, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс жасайды. Міне, демалыс, саяхат, экскурсия, бос уақыт деген туристік терминдер жәй ғана қалпына келетін ресурстармен ғана өлшенбек. Туризм бұл қалтадағы ақшаны айналымға қиындықсыз түсірудің жолы, яғни бос уақытын өткізетін әрбір турист сол елге қаншама ақшасын шашады. 

Шетелдік мамандардың, экономистердің есептеуінше, қалада екі сағат уақыт өткізген 100 мың турист 350 мың доллар немесе 17,5 доллар әр адам сағатына шығын жұмсайды екен. Осылайша шикізатты сату – бұл өз алдына бөлек дүние болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімдік, экономикалық пайдалы перспектива болып отыр.

Туризм тұтастай ел экономикасына үш жағымды тиімділік әкеледі:

Шетелдік валютаның елге келуін туындатады және төлем балансы, жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал етеді.

Халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге көмектеседі. ДТҰ мен Туризм мен саяхаттың дүниежүзілік кеңесінің бағалауы бойынша, туризм индустриясында ашылған әрбір жұмыс орны жалпы салалардың 5-тен 9-ға дейінгі жұмыс орындарын алады. Туризм тікелей немесе жанама экономиканың 32 саласына әсер етеді.

Елдің инфрақұрылымдық жүйесін дамытады. Көбіне мемлекет емес, жекеменшік иеліктерінің бәсекелестік нәтижесінде туризм индустриасы дамымақ.

Ал елімізде дәл осы саланың даму мүмкіншілігіне келетін болсақ.Туризмнің Қазақстанда табысы бойынша үшінші индустриалдық сала болуға нақты мүмкіндіктері бар бірден бір озық сала. Бүгінгі таңда туризм дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі – Қазақстанның турөнімін алға жылжыту бойынша, сондай-ақ елдің туристік имиджін көтеру бойынша жан-жақты ойластырылған маркетингтік стратегияның Қазақстанда жоқ болуы. Орта есеппен әлемде сұралған респонденттердің 42%-ы ғана Қазақстан имиджі туралы түсініктері бар. Қазақстанның Азиядағы танымалдығы бәрінен жоғары. Азиядағы алыс шетел – Жапонияда сұралғандардың 75%-ы Қазақстанды біледі. Еуропада бұл көрсеткіш өте төмен, сұралғандардан ең жақсы нәтиже көрсеткендер ағылшындар – 41% сұралғандар Қазақстаннан хабарлары бар. Яғни қарапайым тілде айтқанда имидждік жарнаманың халықаралық деңгейде болмауы. 

Сонымен бірге елімізде жұмыс жасайтын, туроператорлар  мен турагенттіктердің ішкі туризмге емес, сыртқы туризмге аса көп мән беруі. Сол себепті де ішкі, келу туризмі бізде 3%-ды құрап отыр. Ал туризм индустриясы дамыған мемлекеттерде 50- 50%-ды құрайды. Ондада таза туристік мақсатта емес, іскерлік мақсатында болып отыр. Ал енді біз қалай 47%-ды толықтыруымызға болады. Ең алдымен ұлттық брендті көтеру керек. Өзіндік халықарылық нарыққа ұсынатын имидж, бейне керек. Туристік нарық ауысу кезеңінде бізге осындай бір дүние қажет. Туризм индустриясы еуропалық нарықтан, азия нарығына жаймен ауысуда. Осындай өтпелі кезеңде еліміз нарыққа тың дүние  ұсынумен болашаққа туризмдік жол салуға мүмкіндігі бар.