Саясат

Тәуелсіздікке 27 жыл: 27 дерек

Жеткен жетістіктеріміз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1-дерек: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ елінің асқақ арманы орындалып, тәуелсіз мемлекет болдық. Осы жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды.

2-дерек. Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып жарияланғаннан кейін мемлекеттік рәміздеріміз (әнұран, елтаңба, ту) бекітілді.

3-дерек. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті.

4-дерек: Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты көршілерімен достық қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар басқа мемлекеттермен де саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын жылдан-жылға нығайтып келе жатыр.

5-дерек. 1991 жылы 27 тамызда Президент Семей полигоны халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп келтіретінін айтты және осы жылы Семей полигоны жабылды.  

6-дерек. ҚР ұлттық валютасы - ҚР Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

7-дерек. 1993 жылдан бастап еліміздің жастарына мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. Кеңестік мемлекеттер тарихында алғаш рет «Болашақ» бiлiм бағдарламасы енгiзiлдi.

8-дерек. 1997 жылы астанамыз Алматыдан Ақмола қаласына көшірілді. Ал, 1998 жылы қала атауы Астана болып өзгертілді.

9-дерек. Медицина саласына ерекше көңіл бөлініп, жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Шетелде жасалатын күрделi оталар қазiр Қазақстанда жасалып жатыр.

10-дерек. Қазақстандағы «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламаның арқасында Қазақстан азаматтарына жақсы жағдай жасалды.

11-дерек. Қазақстан әлемге спорт жағынан, яғни бокс, күрес пен ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, велосипед жарысы, жеңiл атлетика мен шахмат ойындарымен танылды. Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Серiк Сәпиев,.Денис Тен, Александр Винокуров, Жансая Әбдімәлік, басқа да спорт шеберлері Қазақстанды әлемге танытты, танытып келедi.

12-дерек. Қазақстанның мәдениет саласы жоғары деңгейде дамып келеді. Димаш Құдайберген Қытайдың «I am singer» байқауында жеңiске жетіп, Қазақстан атын әлемге танытты.

13-дерек. Қазақстан республикасының зейнеткерлеріне, мүгедектерге, жартылай жетім және көп балалы, жағдайы төмен отбасыларға, жаңа туған сәбилер мен халықтың басқа да топтарына әлеуметтiк көмек көрсетіліп келеді.

14-дерек. Қазақстанда «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асты.

15-дерек. 2006 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш қазақстандық «KazSat» Жер серігі ұшырылды. 2011 жылы «KazSat-2», ал 2014 жылы «KazSat-3» Жер серігі орбитаға шығарылды.

16-дерек. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып, ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне әсерін тигізіп отыр.

17-дерек. Қазақстан әлемдік діни көшбасшылардың диалог алаңына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Астана қаласында өткізу бастамасын көтерді. Дiни съездерге ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің беделді өкілдері қатысты.

18-дерек. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді салалар дамып келедi.

19-дерек. Қазақстан қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, үш тілді бiлiм беру жүйесiне көшiп жатыр. Бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі» дейдi Нұрсұлтан Назарбаев.

20-дерек. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның барлық аймағында тойланды. Басты мерекелiк шара Тараз қаласында өттi. Таразда Керей мен Жәнiбек хандарға арналып монумент орнатылды.

21-дерек. Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Шараға 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып, көрменi барлығы 4 млн адам тамашалады. Оның iшiнде 178 елдiң өкiлi бар.

22-дерек. 2017 жылғы наурызда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

23-дерек. Қазақстан киберқылмыспен күрестi күшейтуде.

24-дерек. Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда мемлекет аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды.

25-дерек. Қазақстанның жеткен жетістіктерінің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Президентетің арқасында еліміздің халықаралық беделі артып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келедi.

26-дерек. 16 желтоқсан күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті.

27-дерек. Тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл!