Weekend

Димаш Ресейдің «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығын иеленуі мүмкін

15 номинация бойынша үміткерлер тізімі жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей ұлттық «Виктория» музыкалық сыйлығының ұйымдасырушылары 15 номинация бойынша үміткерлер тізімін жариялады.

«Классикалық музыка бойынша жыл вокалисі» номинациясы бойынша Димаш «Adagio» әнімен «Виктория» сыйлығына үміткер болып отыр. Димаштың бәсекелестері - «Ромео мен Джульетта» операсынан Джульеттаның ариясын орындаған Аида Гарифуллина мен «Giacomo Puccini: Turandot» ариясын орындаған Анна Нетребко», - делінген хабарламада.

Жеңімпаздардың есімін аудиторлық компаниялар құпия ұстап отыр. Олардың есімін ұйымдастырушылардың өзі де білмейді. Жеңімпаздардың аты тек салтанатты марапат кезінде ғана жарияланады. Ресей ұлттық музыка сыйлығын табыстау кеші және гала концертінің салтанатты рәсімі 2018 жылдың 7 желтоқсанында Мемлекеттік Кремль сарайында өтеді. «Виктория» сыйлығы 2015 жылдың күзінен бері беріліп келеді. Жеңімпаздарды 15 номинация бойынша кәсіби мамандар: суретшілер, композиторлар, продюсерлер, музыкалық сыншылар мен дыбыс шығарушылар таңдайды. Дауыс беру ережелерін сақтауды тәуелсіз аудитор - британдық Ernst & Young компаниясы бақылайды.

Дереккөз: inform.kz