Weekend

Билл Гейтс оқуға ұсынған 5 кітап

2017 жылдың тізімі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Билл Гейтс өзінің жеке сайтында, өміріне айтарлықтай ықпал етіп өзін ерекше шабыттандырған кітаптардың тізімін енгізіп, көптеген қызықты адамдармен кездесулерді есепке алмағанда,оқудың қиялға еркін ерік берудің ең сүйікті тәсілі екенін алға тартады. Соны айта отырып ол өзінің 2017 жылдары оқып бітірген ең үздік 5 кітабын оқырмандарына ұсынған болатын. (кітаптар қазақ тіліне аударылмағандықтан аттары орыс тілінде көрсетілді).

 

1.      Тхи Буй«Лучшее, что мы могли сделать» (The Best We Could Do, Thi Bui).

Бұндағы графикалық романның таңғажайыбы өзіндегі терең мазмұнымен қамтып 1978 жылы суретші әйел Тхи Буйдің Вьетнам соғысы кезіндегі қашып өту жолындағы өмірлік мемуары баяндалады. Балалы болғаннан кейінгі шет елдегі өмірдің қаншалықты қиын екені баяндай келе, отанындағы тарыдай шалшылған туыстарын іздей жүріп, отбасылық құндылықтарының мәнін әңгімелейді. 

2.      Мэтью Десмонд «Выселенные: нищета и благополучие в американском городе»  (Evicted: Poverty and Profit in the American City, Matthew Desmond).

Егер сіздің әлемдегі кедейлікке қатысты, крезистің қордаланған проблемаларын түсінгіңіз келсе АҚШ-тың Милоуки қаласындағы дағдарыс туралы жазылған осы кітапты оқығаныңыз дұрыс. Мэтью Десмонд америкада өмір сүретін кедейлердің өмірлік портретін осы кітабы арқылы шебер сурттеген.

3.      «Поверьте мне: Мемуары о любви, смерти и джазовых курицах», Эдди Иззард.(Believe Me: A Memoir of Love, Death, and Jazz Chickens, Eddie Izzard).

Табиғат берген талантының сараңдығына қарамастан, болмаған балалық шақпен, ауыр еңбектің нәтжиесінде әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналған комик-стендапер Иззардтың өмірбаяны баяндалады. Оның жазу тілі, халықты күлкіге қарық қылатын өзінің сахна тілін есіңе түсіріп күлдіріп отырады. Егер сіз автордың өнеріне жанкүйер болсаңыз онда бұл кітаптың сіге ұнауы сөзсіз.

4.      «Сочувствующий», Вьет Тхан Нгуен. (The Sympathizer, Viet Thanh Nguyen).

Осыған дейін Вьетнам соғысы туралы түсірілген фильмдер мен жазылған кітаптардың басым көпшілігі тек америкалықтардың көзқарасымен ғана баяндалып келді. Бірнеше халықаралық жүлделерді иеленіп үлгерген романда екі оттың арасында қалған Вьетнамдықтардың сол жылдардағы айтылмаған көптеген ақпараттары осы кітапта арқау болады. «Мүсіркеуші» романын қаншалықты сүркейлі дегенімізбен, бұл шығармада екі құпия агенттің өздері қазған орға өздері түскен келеңсіз оқиғалары оқырмандарды өзіне бірден баурап алады. 

5.      «Энергия и цивилизация: история», Вацлав Смил.(Energy and Civilization: A History, Vaclav Smil).

Вацлав Смил- менің ең жақсы көретін авторларымның бірі және бұл шығара оның негізгі шедеврлерінің бірегейі. Біздің энергияға деген сұранысымыз есектің күшімен қозғалатын су диірменінен, бүгінгі дамыған заманға дейінгі адамзат тарихында қалай қалыптасты деген сұраққа жауап береді. Бұл жәй ғана кітап емес, сондай-ақ, сіз бұл кітапты оқи отырып энергетика саласының дамуы әлемді қалай өзгертіп жатқандығы туралы ақпараттармен таныс болып телегей білімге кенелесіз.

Дерек көз: https://www.gatesnotes.com/About-Bill-Gates/Best-Books-2017

Runa academy